Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
9037 1 пікір 29 Шілде, 2021 сағат 17:12

Белгілі қаламгер Аягүл Мантай қайтыс болды

Белгілі қаламгер Аягүл Мантай өмірден өтті. Бұл туралы жазушының таныстары әлеуметтік желіде мәлімдеді. 

Аягүл Мантай Түркістан облысы Мақтарал ауданы Байқоныс ауылында дүниеге келген. Ресей халықтар достығы университетінің түлегі.

Жазушы екі кітаптың авторы. Оның 2006 жылы «Жалын» баспасынан «Жаңбырлы көктем» және 2019 «Жүрекке оралу» атты қос кітабы жарық көрген. Ол «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Баққожа Мұқай атындағы әдеби байқаудың жүлдегері. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері. Жазушы шығармаларына өз өмірінде арқау етіп үлгерген. Оның «Бөтен», «Соқыр сана», «Томпақ» сынды көптеген өзге де әңгімесі оқырман көңілінен орын тауып үлгерген.

Марқұммен қоштасу, бүгін сағат 17:00 де, Жетісай ауданы Жылы Су ауылдық округіне қарасты Байқоныс (Заря) елді мекенінде өз шаңырағында өтеді.

Abai.kz порталы жазушының жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады! 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 925
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2391
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 631
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 609