Жұма, 15 Мамыр 2026
7642 2 пікір 29 Шілде, 2021 сағат 17:19

Шенеуніктердің шетел банктеріндегі ақшасы қанша?

Қазақстандық шенеуніктердің Сингапур банктерінде 1 млрд.қа жуық теңгесі сақталған. Бұл туралы Qazaqstan.tv мәлімдеді.

Ресейдегі жинақтары 476 млн-ға жетеғабыл. Ал, Лихтенштейн Княздігі банктеріндегі ақша 426 млн теңгеден асады.

Сондай-ақ олардың Ресейде 181 жылжымайтын мүлкі бар. Тағы 6 нысан Түркияда, бесеуі Болгарияда. Жалпы 465 мыңнан аса жеке тұлға табысы мен дүниесі бойынша декларациясын жария еткен. Қатарында мемлекеттік қызметкерлер мен соған теңестірілген және олардың жұбайлары бар.

Бұдан бөлек 333 шенеунік шетел мемлекеттерінде құзырлы органдарға тіркелген 392 көлігі туралы мәлімет ұсынған. Бірақ Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қатысты ондай ақпарат жоқ. Өйткені біздің елдің салық заңына сай декларацияда ашықтық талабы ескерілмеген дейді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2744
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1863