Обама ойланбай сөйлеп, от басты
АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Поляктар АҚШ президенті Барак Обаманың нацистік басқыншылық кезінде ел аумағында болған фашистік концлагерлерді «польшалық» деп атауына наразылық білдірді. Бұл туралы Хабар агенттігі мәлімдейді.
Обама бұл туралы Польшаның қаһарманы Ян Карскийді өлгеннен кейін АҚШ-тың азаматтық тұлғаларға арналған ең жоғарғы сыйлығының бірі - Президенттік еркіндік медалімен марапаттау рәсімі кезінде айтқан еді. Ақ Үй Обама жаңылыс айтып қалды деп ақталғанына қарамастан, поляктар Вашингтонның өкініші жеткіліксіз деп, кешірім сұрауларын талап етуде. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польша халқы ауыр нацистік басқыншылық кезеңді бастан кешкені белгілі. Олар нацистердің қылмыстары үшін жауапты деген ой-пікірлер мен неміс-фашистердің өлім лагерлерін «польшалық» деп атау әрекеттеріне үзілді-кесілді қарсы.