Сенбі, 23 Қараша 2024
2729 1 пікір 12 Тамыз, 2021 сағат 12:49

Мұсайбековке 62 млн айыппұл салынды

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында ҚР бұрынғы мәдениет және спорт вице -министрі Сәкен Мұсайбековке үкім шығарылды. Ол алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Түрксіб ауданының сотында хабарланды. 

Мусайбековке 190-баптың 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша айыпталғаны хабарланған болатын. Сот анықтағандай, Мусайбеков 2021 жылдың 18-21 ақпан аралығында Мәдениет және спорт вице -министрі бола отырып, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған.

"Мұсайбеков пен Алматы қаласы прокурорының орынбасарының арасында жасалған процессуалдық келісімге сәйкес, прокурор сотқа Мұсайбековке қатысты пара мөлшерінің он еселенген айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады", - делінген сотта.

Сот оны айыпты деп танып, 62 394 000 теңге айыппұл салды. Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өзінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтың кінәсі сотта дәлелденсе, отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435