Тәлібтер Қандағарды басып алды
"Талибан қозғалысы" Ауғанстанның екінші үлкен қаласы Қандағарды басып алды. Бұл туралы қозғалыстың баспасөз хатшысы Забихулла Мужахид Twitter-де хабарлады.
Ауғанстан билігінің өкілдері Қандағардың басып алынғанын растады. Қала 12 тамызда кешке содырлар қолына өткен. Жергілікті билік пен олардың айналасындағылар Қандағардан кету үшін әуежайға тығылған деген болжамдар бар.
Ауғанстанның ұлттық татуласу жөніндегі Жоғарғы кеңесінің басшысы Абдулла Абдулла елдегі жағдайды ауыр деп атады. Ал лаңкестер негізгі күштерінің Кабулге 90 шақырым жерде тұрғанын мәлімдеді.
Abai.kz