Сенбі, 23 Қараша 2024
3695 0 пікір 13 Тамыз, 2021 сағат 12:43

Қырғызстан Қазақстаннан шекараны ашуды сұрауда

Қырғызстан Қазақстаннан шекараны ашуды сұрады. 12 тамызда Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рапил Жошыбаевпен кездесті. Кездесу қазақстандық тараптың бастамасымен өтті.

"Қырғыз тарапы екі елдің аумағы арқылы азаматтар мен көлік құралдарының еркін қозғалысы мен транзиті үшін Қырғызстан азаматтарының Қазақстанға кіруіне шектеу шараларын тез арада алып тастау қажеттілігіне ерекше назар аударды" делінген Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстанға гуманитарлық көмек үшін алғысын білдірді. Елші бұған жауап ретінде биыл Қазақстан тарапы бауырлас елге тағы да көмектесіп, 1000 тонна бидай бермекші екенін айтты.

Кездесу соңында дипломаттар Қырғызстан мен Қазақстан өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда тығыз ынтымақтастықты нығайта беретініне сенім білдірді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435