Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
2787 1 пікір 16 Тамыз, 2021 сағат 11:36

Ауғанстан президенті қайда кетті?

Тәжікстан СІМ Ауғанстанның отставкадағы президенті Ашраф Ганидің Тәжікстанда екендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Мұхаммед Ашраф Ғани мырзаны алып бара жатқан ұшақ Тәжікстанның әуе кеңістігіне кірмеген және ел аумағына қонған жоқ. Тағы бір айта кетерлігі, тәжік тарапы Ауғанстан тарапынан тиісті сұрау алмаған" дейді тәжік билігі.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани отставкаға кеткені кеше белгілі болды. Мемлекет басшысы әкімшілік басшысымен және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісімен бірге Тәжікстанға барды деген болжам бар. Басқа ақпарат көздері Өзбекстан мен Оман елдерін атауда. Қазіргі уақытта оның нақты қайда екені белгісіз.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1553
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6207