Тірі қалған шекарашы табылды (толықтырылған нұсқа)
Қазақ-Қытай шекарасы маңындаңы "Арқанкерген" постында қаза болған шекарашылар туралы жаңа ақпараттыр легі мәлім болып отыр. Атап айтқанда, «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі опат болған шекарашылардың ресми емес тізімін жариялады: Жамбыл олысынан - Жанат Ілиясов (20 жаста), Нұржас Үсіпәлиев (21 жаста); Ақтөбе облысынан - Қамбар Ағанас (20 жаста), Әли Мақсұтов (19 жаста); Павлодар облысынан - Денис Рей (19 жаста); Алматы облысынан - контракті бойынша Ерлан Акишев (24 жаста), Талғат Сәрсенбаев (28 жаста), Рүстем Ақылбаев (21 жаста); Атырау облысынан - Мейірхан Иманов, Жеңіс Сағынғалиев, Данияр Балғабаев, Бекзат Әмірғалиев; Қарағанды облысынан - Нұрлан Мұқышев (21 жаста); Батыс Қазақстан облысынан - Алтынбек Кереев («Арқанкерген» постының командирі, офицер, жасы 28-де).
Ал, тірі қалған жалғыз шекарашының аты-жөні - Владислав Челах деп жазады "Азаттық" радиосы.

Мәлім болғанындай, ІІМ Қалмұхамбет Қасымов тірі қалған 15-нші шекарасы туралы жаңа мәліметті жария етті. Қазақпараттың жазуына қарағанда, министр Қасымов: «Осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кеше кешқұрым қыстақтардың бірінен 15-інші шекарашы ұсталды. Ол азаматтық киімде болған. Қазіргі уақытта түсініктеме берді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Бізде сараптамалардың бәрі толығымен дайын емес. Оқиғаның ішкі мәселеден орын алғандығы нақтылануы мүмкін. Ол командирдің тапаншасымен ұсталды. Сол күні кезекші болған. Осының бәрін тексерудеміз», - деп мәлімдеген.
Ал, interfax.ru агенттігі (http://www.interfax.ru/society/txt.asp?id=248997)«Арқанкергендегі» тірі қалған жалғыз шекарашы табылғанын хабарлайды. «Ол кеше постқа өзі келген. Пистолеті болған. Оның психикасы бұзылғанға ұқсайды» деп хабарлаған аталған агенттікке Алматы облысы әкімдігіндегі дереккөзі. Ол бұған дейін жақын маңдағы үңгірде тығылып жатқан екен.
Шекарашылардың өліміне байланысты тергеу, тексеру ісі жалғасып жатыр.
"Абай-ақпарат"