Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2806 0 пікір 5 Маусым, 2012 сағат 10:51

Министр Б. Жұмағұлов ҰБТ кезінде түлектерді шешіндіріп тексеру оқиғалары болғанын растады

АСТАНА.  5 маусым. ҚазАқпарат -  Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде түлектерді шешіндіріп тексерудің жекелеген оқиғасы Агротехникалық университетте анықталды.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Осы жағдай бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады»,-деп атап көрсетті Б. Жұмағұлов.

Биылғы ҰБТ бойынша министр ертең, 6 маусым күні арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық сауалдарына жауап беруге уәде етті.

Жалпы, Б. Жұмағұлов ҰБТ-нің өту барысын «жақсы» деп бағалап отыр. «Меніңше, биыл ҰБТ тиісті деңгейде өтіп жатыр»,-деді министр.

0 пікір