Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2889 0 пікір 5 Маусым, 2012 сағат 10:54

Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтуде

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Астанадағы «Жастар» сарайында «Астаналық жас түлек - 2012» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтуде.

Жәрмеңкеге 25 білім беру ұйымы, сондай-ақ білікті мамандар кадрына мұқтаж 30-ға жуық жұмыс беруші қатысуда.

Әр қатысушы қала бойынша бос жұмыс орындарының және бос лауазымдар деректерінің банкімен, кәсіптік даярлау курстарында оқу жүргізілетін кәсіптердің тізімімен таныса алады. Сонымен бірге, ақылы қоғамдық жұмыстар туралы ақпараттармен танысу мүмкіндігі бар.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Олжас Омардың айтуынша, бүгін жұмыс берушілер 800-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынып отыр.

«Бүгінгі жәрмеңке ЖОО-ларға түсуге немесе жұмыс істеуге құлықты мектеп түлектеріне арналған. Біз қандай мамандықтарға түсу керектігі жөнінде кеңестер береміз. Бізде 480 адамды қайта даярлықтан өткізу жоспарда бар», - деп атап көрсетті ол.

0 пікір