Сенбі, 23 Қараша 2024
3013 3 пікір 19 Тамыз, 2021 сағат 11:32

Ауған президентінің БАӘ-ге барғаны белгілі болды

"Талибан" қозғалысы Ауғанстан астанасы Кабулге басып кіргеннен кейін өлкеден қашып кеткен президент Ашраф Ғани отбасымен Біріккен Араб Әмірлігіне (БАӘ) барғаны белгілі болды. Бұл туралы БАӘ сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Онда Ғани отбасымен "гуманитарлық мақсатта" өлкеге кіргізілгені айтылған.

70 жастағы Ашраф Ғани 15 тамызда Кабулды "Талибан" қозғалысы басып кіргеннен кейін елден қашып кеткен. Ол Фейсбук парақшасына "қан төгіс болдырмас үшін осындай қадамға барғанын" жазды.

Басылымдар оның өзімен бірге мемлекеттің миллиондаған доллар қаржысын алып кеткенін жазып жатыр.

Дереккөз: Centralasian

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445