Бір күнде 157 адам вирустан көз жұмды
Қазақстанда бір тәулік ішінде 157 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, 550 науқас өте ауыр жағдайда.
ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен (КВИ+) 131 адам коронавирустан, 26 адам ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсетіп, пневмониядан (КВИ-) қайтыс болды. 23 тамызда пневмонияның 428 жағдайы тіркелген.
25 тамыздағы мәлімет бойынша 120 864 адам коронавирус инфекциясынан (114 747 КВИ+ және 6 117 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
27 666 пациент стационарда,
93 198 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Abai.kz