Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
4929 3 пікір 26 Тамыз, 2021 сағат 11:54

ДДҰ: Күздегі пандемияға дайындалыңдар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейюс күзде болатын жаңа пандемияға дайындыққа шақырды. Бұл туралы ол Женевада өткен брифингте мәлімдеді.

«Келесі үш ай болашақ пандемияға дайындық пен оған қарсы әрекет етудің маңызды кезеңі болады», - деді Гебрейюс.

«Әлемде күн сайын анықталатын жағдайлардың саны бойынша жағдай тұрақталды. Алайда, бұл тұрақтылық өте үлкен қайғылы статистикамен ұласып жатыр», - деп түсіндірді ол.

«Жағдай аймақтардан аймақтарға, елдерден елдерге, провинциялардан провинцияларға және қалалардан қалаларға өткен сәтте өте өзгеше. Кейбір аймақтар мен елдерде COVID-19 жұқтырғандар мен өлгендердің саны өсуде, ал басқа аймақтарда жағдай жақсаруда. Әзірге бұл вирус барлық жерде қауіп төндіруде», - деп қосты Гебрейесус.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі коронавирустан болатын өлім-жітім туралы деректерді жаңартқан еді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1057
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2606
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 739
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 701