Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2058 0 пікір 11 Маусым, 2012 сағат 07:07

Ашық сауал: Гүлшара ханым, Сіз Ресей губерниясының басқармасын басқарасыз ба?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Г.Н. Әбдіхалықованың

назарына

Гүлшара Наушақызы!

Сіздің құзырыңызға елдегі еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласы ғана кірмейді. Сонымен бірге, сол еңбектің елдегі барлық кадрлық, мамандық сапасы да, сондай-ақ, әлеумет саласындағы сапалы қызметпен қамту да мойныңызда.

Өкінішке қарай, Қазақстан тәуелсіз ел болғалы Сіздің салаңыз бойынша Қазақ халқы өз тілінде әлеуметтік сала бойынша қызмет тұтына алмай келеді. Барлық қоғамдық-әлеуметтік қызмет көрсету салалары тек қана Ресейдің мемлекеттік тілінде тұтынушылармен тіл қатысады.

Мұндай жағдай Ресей Федерациясының субъектісі саналатын Татарстанда да жоқ.  Сіз аталмыш саланы басқарғалы 5 жылға таяды, бұл мәселе бойынша бес емес, бір қадам да жасаған жоқсыз. Егер халық назарынан тыс бастама жасаған болсаңыз, кешіріңіз, оның нәтижесі қайда? Сіздің министрлік әзірлеген әр лауазымның, әр мамандықтың өлшемі мен маңызы, міндеті белгіленген «Жұмыс түрлерінің классификаторы» деген тізбенің жобасы бар екен. Сол тізбенің бекітілмей отырғанына кемінде 2-3 жыл болды. Сіз өз салаңыз бойынша бұл жобаны алға бастыруға бастама неге жасамай отырсыз? Әлде өзіңізді ресейлік губернияның басқарма бастығы сезінесіз бе?!

Халық алдында, тәуелсіз елдің министрі ретінде жауап беріңіз!

«ЕЛ»  алқасы

«Абай-ақпарат»

0 пікір