Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2238 0 пікір 11 Маусым, 2012 сағат 10:11

АҚШ Қазақстан биыл Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болатынына сенім білдірді

АҚШ сауда өкілінің бірінші орынбасары Деметриос Maрантис Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.

Сапар аясында ол Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы сауда және инвестициялар бойынша Шекті келісім аясында жұмыс тобының екіжақты кездесуін өткізу мәселелері бойынша бірқатар министрліктер мен ведомстволардың басшылығымен кездесті.

ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжановамен кездесу барысында тараптар АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы сауда және инвестициялар бойынша алдағы министрлік жиынның күн тәртібінің мазмұнды бөлігін, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту болашағын талқылады. Кездесу қорытындылары бойынша ҚР және АҚШ-тың іскерлік орталары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында сауда және инвестициялар бойынша екіжақты комиссияны құру туралы шешім қабылданды.

Журналистермен кездесу барысында Деметриос Марантис тараптардың АҚШ пен ҚР арасындағы сауда және инвестицялық мүмкіндіктерді алдағы уақытта кеңейтуге байланысты маңызды сұрақтарды талқылағанын атап өтті.

«Біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы өткен жылы 2,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Қазақстан біздің еліміз үшін әлемдегі 78-інші ірі сауда серіктесі болып табылады. Бірақ сіздердің еліңізде бұл сандарды жақсы жағына өзгертудің үлкен әлеуеті бар. Біз бұл күнді асыға күтіп, өз тарапымыздан қажетті көмек пен қолдауымызды көрсетуге дайынбыз. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру - өте ұзақ әрі бейнетті процесс. Бірақ сіздердің келіссөздер бойынша командаларыңыз айтарлықтай білікті, сондықтан Қазақстан биыл Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі болады деп сенеміз», - деп атап өтті американдық министр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір