Тәжікстанда депутаттарға тәжік тілін білу міндеттелді
Тәжікстан парламенті сайлау туралы заңға депутаттыққа үміткерлерден тәжік тілін білуді талап ететін өзгеріс енгізді. Жаңа талап барлық деңгейдегі депутаттарға бірдей жүреді. Әзірге тіл білімін тексеретін тесттің енгізілетіні, я енгізілмейтіні белгісіз.
Тәжікстанның ақпарат құралдары мен тіл жөніндегі мемлекеттік комитет бұған қатысты парламент депутаттарының тіпті ресми орындарда сөйлеген кезінде"таза тәжік тілінде" емес, жергілікті диалектімен сөйлейтінін сынады.
2009 жылдан бастап барлық мемлекеттік қызметкерлерге тәжік тілін білу міндеттелген еді.
Дереккөз: аzattyq.org