Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2267 0 пікір 15 Маусым, 2012 сағат 10:40

Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ: ДЛИННОВТЫҢ ЖҰМЫСТАН КЕТУІ ЧЕЛАХТЫҢ МӘСЕЛЕСІНЕ ЕШ ҚАТЫСЫ ЖОҚ

 

Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, 31-арнаның бас директоры:

 

«Арқанкерген» шекара бекетіндегі оқиға жайлы қоғамдық пікір екіге жарылып тұр. Прокуратура таратқан «Владимир Челах өз әріптестерін өлтірді» деген ресми мәліметке біреу сенсе, біреу сенбейді. Айдың күннің аманында он бес азаматымыз оққа ұшқан оқиға жайлы әңгімеге 31-арнаның аты да абайсызда араласып кетті. «Информбюроның» орыстілді нұсқасының журналисі Владислав Длиннов: «Эфирден өтірік сөйлеп, шекарашы өз қызметтестерін өлтіргенін «мойындады» деп айтудан бас тартамын», - деп жұмыстан өз еркімен кетіпті» деген ақпарат бұрқ ете қалды. Соңғы күндері ғаламторда көп талқыланған тақырыптың бірі осы. Тіпті кейбір сайттар Длинновтан «патриот», «герой» жасап та жіберді. Мәселенің анық-қанығын білуге 31-арнаның бас директоры Бағдат Қожахметовке хабарластық. «Арқанкергендегі» жағдайды халыққа жеткізуде нендей кемшіліктер орын алды?  Көптің көңілін күпті еткен осы оқиғаны жұртқа жеткізуде журналистердің кәсіби әлеуеті қаншалықты жетіп жатыр? Осы жөнінде де әңгіме өрбіттік.

- Бағдат Болатжанұлы, журналист Длинновтың  «Челах өз қаруластарын өлтірді» деген құзырлы органдардың мәлімдемесін оқудан бас тартқаны рас па? Ол жұмыстан осы жағдайға байланысты кетті ме?

 

Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, 31-арнаның бас директоры:

 

«Арқанкерген» шекара бекетіндегі оқиға жайлы қоғамдық пікір екіге жарылып тұр. Прокуратура таратқан «Владимир Челах өз әріптестерін өлтірді» деген ресми мәліметке біреу сенсе, біреу сенбейді. Айдың күннің аманында он бес азаматымыз оққа ұшқан оқиға жайлы әңгімеге 31-арнаның аты да абайсызда араласып кетті. «Информбюроның» орыстілді нұсқасының журналисі Владислав Длиннов: «Эфирден өтірік сөйлеп, шекарашы өз қызметтестерін өлтіргенін «мойындады» деп айтудан бас тартамын», - деп жұмыстан өз еркімен кетіпті» деген ақпарат бұрқ ете қалды. Соңғы күндері ғаламторда көп талқыланған тақырыптың бірі осы. Тіпті кейбір сайттар Длинновтан «патриот», «герой» жасап та жіберді. Мәселенің анық-қанығын білуге 31-арнаның бас директоры Бағдат Қожахметовке хабарластық. «Арқанкергендегі» жағдайды халыққа жеткізуде нендей кемшіліктер орын алды?  Көптің көңілін күпті еткен осы оқиғаны жұртқа жеткізуде журналистердің кәсіби әлеуеті қаншалықты жетіп жатыр? Осы жөнінде де әңгіме өрбіттік.

- Бағдат Болатжанұлы, журналист Длинновтың  «Челах өз қаруластарын өлтірді» деген құзырлы органдардың мәлімдемесін оқудан бас тартқаны рас па? Ол жұмыстан осы жағдайға байланысты кетті ме?

- Длинновтың жасаған іс-әрекеті таңқаларлықтай. Миға кіріп-шықпайтын тірлік жасады. Көп нәрсені түсінбей қалдық. Неге десеңіз, «Арқанкерген» жайлы мәлімдеме тараған кезде, Длинновтың жұмыс аптасы емес болатын. Бұл - бір. Екіншіден, оған «Арқанкерген» жайлы сюжет жаса немесе жаңалықтарды жүргізгенде осы мәлімдемені оқы деп, ешкім тапсырма бермеген. Длиннов мүлде басқа тақырыппен жұмыс істеп жүрген. Эфир жүргізу кезегі екі аптадан соң 18-маусымда болатын. Бірақ ол аяқ-асты өз еркімен өтініш жазып, жұмыстан шығамын деп кетіп қалыпты. Жұмыстан кеткен күні түнгі сағат бірде twitter-ге «Эфирден өтірік айтудан бас тарттым»  деген пікірін жазып, «Мұны оқысаңдар журналист емессіңдер» деген мағынада әріптестеріне хабарлама жіберген. Ертесі күні таңертең сағат ондар шамасында Длинновтың  twitter-дегі пікірін оқыған ақпарат құралдары соған сілтеме жасап, жаңалық жасайды. Мұны, әрине, орыстілді ақпарат құралдары, Ресейдің кейбір сайттары лезде іліп әкетті. Ақпарат шыққан күні дереу Длинновқа хабарластық: «Шекарашылар жайлы ақпаратты ешкім саған оқы деген жоқ қой. Тіпті эфирге шығатын күнің де емес.  Мұның не?», - дедік. Ол жауап бермей, үндемей құтылды. Сол оқиғаның алдында ғана Длиннов «мен жұлдызбын» дегендей әңгіме айтыпты. Өзін жұлдыз санап, керемет көретін журналистер алысқа бармайды. Тағы бір қызығы, 14-ақпан күні эфир жүргізіп отырып, әріптесінен: «Әулие Валентин күнін мұсылмандар неге тойламайды?», - деп сұрап, талдыра жаздаған. «Мейрамды мұсылмандардың емес, христиандардың мейрамы», - деп түсіндірген әріптесіне: «Мұсылмандар мерекеде бір-біріне сыйлайтын ашық хат алуға ақшасын қимайтын шығар, ендеше», - деп кемсіткен.  Онысы үшін Длинновтан түсініктеме алып, сөгіс жариялағанмын. Оның көзқарасы қызық жалпы. Алматыны Алма-Ата деп атағысы да келеді. Мұны айтпай-ақ қоюға да болар еді, Длиннов жас бала ғой. «Атың шықпаса жер өртенің» керін келтірді. Аты шығып жүрген жерінен «жерді өртейтін» өтірік айтып, атағын шығарғысы келді.  Ондай «жұлдыздардың» талайын көргенбіз. Келесі күні оның өтінішіне қол қойып, жұмыстан босаттым. Өйткені, бізге «жұлдыздардың» қажеті шамалы.

- Кезінде сіз ІІМ-нің баспасөз орталығын басқардыңыз. Аты-шулы «Нұрбанк ісі» мен Рахат Әлиевтің қылмысы жайлы ақпаратты халық сіздің аузыңыздан еститін. Осындай даулы, шулы мәселелерді халыққа қалай жеткізу керек? «Арқанкерген» оқиғасы жайлы ақпаратқа біраз адамның дүдәмал ойда болып отырғаны рас. Сіздің бұрынғы, қазіргі жұмысыңыз бар, қай саладан болсын тәжірибеңіз жеткілікті. Шекарашыларды ажал құштырған оқиғаны жеткізуде журналистердің ізденісі, кәсіби әлеуеті қаншалықты көрінді?

- Ең бастысы, кез келген ақпаратты оперативті түрде жеткізу керек. Қоғаммен байланыстың басты ережесі ақпаратты жылдам әрі тез беру, ақпаратты жасырмау. Ақпарат жеткілікті мөлшерде болмаса, қоғамның пікірі сан-саққа жүгіреді. Әртүрлі әңгімелер жүреді. Алғашқы тараған мәлімет дұрыс болмай шыққан күнде, одан халықтың ойын бұру қиынға түседі. Ең бірінші айтылған ақпарат адамның есінде қалады да, келесі күні келіп қосылған мәліметтер оған қосылған «сұйықтық» сынды әсерде қалады. Сондықтан жоғарыдағыдай қиын жағдайда ең бірінші ақпаратты жылдам әрі толық жеткізу қажет. Сонда халық арасында екіұшты пікір тумас еді. Біз «Информбюрода» барлық тарапты тең сөйлетуге тырысып жатырмыз.

- «Арқанкергенге» байланысты әскери салаға қатысы жоқ, тіпті тапанша ұстап көрмеген адамдар да пікір білдіруде. Тіпті  журналистер көріпкел экстрасенстерге де жүгінді. Бұған не дейсіз?

- Мемлекеттік органнан немесе оқиғаға қатысы бар адамдардан жауап жеткіліксіз болса, сол сұрақтың төңірегінде журналист тіміскілеп ізденуі қажет. Оқиғаға қатысты құзырлы органдар жеткілікті ақпарат бермеген соң журналистер көріпкелдерге, сіз айтып отырғандай адамдарға жүгініп жатыр.  Жаңалықтар қызметінде жүрген тілшілердің осы оқиғаны жеткізудегі шеберлігіне, кәсібилігіне қатысты айтар болсам, бізде техникалық мүмкіндіктер қолбайлау болуда. Шетелде болған болса, BBC, CNN сынды арналардың қызметі өзінің тікұшағына отыра салып, оқиға болған жерді түгелдей көзбен көріп, оқиға орнынан тікелей репортаж жасайды. Қазақстанда жекеменшік телеарналарды былай қойғанда, мемлекеттік арналардың да мұндай мүмкіндігі жоқ. Қолында заманауи техникалық құралы болмағасын, тележурналистердің әлеуеті шамалы. Шекарашылардың хабарын естіген бойда тілшіміз Ирина Советжанқызын жібердік. «Арқанкерген» ақпарат құралдарынан ең бірінші болып жетті. Бірақ ең соңғы шекара бекеті жүз шақырым жерде, тауда екен. Оған тікұшақпен не атпен ғана баруға болады. Тілшіміздің қолы жетпеді.

- Журналистикадағы кәсібилік туралы сөз еткенде, «қазақтілді журналистердің деңгейі, шама-шарқы орыстілді әріптестерінен төмен» деген сын айтылып қалады. Сіз екі тілде бірдей хабар жүргізген, екі тілді бірдей меңгерген мамансыз. Осыған  көзқарасыңыз қандай?

- «Қазақтілді журналистердің деңгейі орыстілді әріптестерінен төмен» дегенге келіспеймін. Жаңалықтың қазақша да, орысша да нұсқасын тыңдасаңыз, екеуінен екі түрлі әсер аласыз. Басқа телеарналарды айтпағанда, біздің  «Информбюрода» қазақ тіліндегі ақпарат орыс тілінен әлдеқайда озық.  Арнамыздағы түрік сериалдарының көрермендер үлесі бұған дейін «Информбюроны» қарайтындардан әлдеқайда көп болатын. Соңғы жарты жылда, әсіресе «Информбюроның»  қазақша нұсқасының үлесі өсті. Жаңалық тыңдайтындардың саны халықтың тайлы-таяғы қалмай көріп жатқан «Фатмагүл» сериалынан да асты. Бұл қазақ журналистерінің жаңалық жеткізудегі кәсіби деңгейінің жоғары дәрежеге көтерілгенінің белгісі. Екі тілді меңгерген мамансыз деп әдейі сұрап отырсыз ғой, орыс немесе неміс тілінде сол ұлттың өз өкілінен артық хабар жасай алмайсың. Қазақ тілін қаншалықты жетік меңгерген орыс журналисі болса да солай. Меніңше, қазақтілді журналистерге көбірек назар аударып, көңіл бұру керек. Өйткені, қазақ тілін білетін азаматтардың саны сол журналистердің жасаған әрбір хабары, жазған мақаласы арқылы артады. Қазақтілді БАҚ көбейген сайын қазақтілділер көбейеді.

- Бұрындары қазақша бағдарламалардың рейтінгі, көрсетілім үлесі орысша хабарлардан төмен деп көрсетіп жүрген «TNS GALLUP MEDIA» компаниясының зертеулерінің дұрыс емес екенін айтып, қазақша бағдарламалардың көсегесі сол қолдан жасалған рейтінгтің төмендігінен көгермей отырғанымен де түсіндіруші едіңіз. Арнаның қазіргі ахуалы қалай? Қазақша хабарлардың халі не күйде?

- Соңғы бір айдың ішінде өзгерістер пайда болды. «Қазақша концерт» пен «Информбюроны» көретіндердің үлесі түрік сериалдарынан асып кетті. Көрермендердің саны біршама көбейді. Кезіндегі біздің жанайқайымызды компания басшылығы ескеріп, зерттеуге қатысатын панельдегі қазақ көрермендердің санын арттырды-ау деймін.

- Арна басшылығына келгенде 31-арнаны қазақыландыруға бар күшімді саламын деп едіңіз. Алайда, қазақша ойын-сауықтық бағдарламалар көргеніміз болмаса, бір кездегі «Пікір алаңы» сынды салмағы бар бағдарламалар, қоғамдық-саяси ток-шоулар жоқ. Неге?

- Арнаны қазақшалауда өзім ойлаған мақсатқа әлі жеткен жоқпын. Уақыт жағынан алғанда мұндай телеарна үшін менікі өте аз мерзім ғой. Біраз жұмыс істеуіміз керек. Сіз айтқан қоғамдық-саяси бағдарламалардың жоқ болу себебі, 31-арна осыдан төрт жыл бұрын өз бағытын ойын-сауықтық концепцияға өзгертіп қойған. Біздің арна - сериал, мультфильм, әзіл-сықақ, шоу бағдарламаларды бүкіл отбасымен отырып көретін арна. Сондықтан «Информбюродан» басқа салмағы бар хабарлар жоқ екені рас. Өз концепциямызға байланысты, оны кемшілік деп есептеуге болмас. Екіншіден, құлашты кеңге жаюға жобалардың аздығы да әсер етіп отыр. Көздеген жобаларымызды жоғары деңгейде алып шығатын мамандар әл-әзірге дайын емес. Қазір негізінен кадр мәселесіне көбірек күш салып, маман дайындаудамыз.

Сұхбаттасқан - Қарлыға ИБРАГИМОВА

«Халық сөзі»

0 пікір