Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 5621 11 пікір 30 Қыркүйек, 2021 сағат 17:06

Президент сөзін "Тұран жолбарысы" деп шегеледі

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев мырза тағы да таң қалдырды.
Әңгіме Ресей билігімен өткен онлайн форумға қатысты. Кездесу барысында талқылауға түскен тақырыптар экономика, екі ел арасындағы байланыстан басталып, кезек табиғатты қорғау бағытына ауысты. Осы жерде біздің экология министріміз «Бір замандары Балхашты мекен еткен Тұран жолбарысын қайта қалпына келтіру қажет» деді. Ресей президенті сол сәтте «Қазақстанда жолбарыс болып па еді?!» деген таңданысын жасырмады. Мүмкін біле тұра астырлы сұрақ қойған да шығар…

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы да өте тәжірибелі саясаткер ғой. Ресей президентіне, губернаторларына, үкімет өкілдеріне Тұран жолбарысы жайлы тың тарихи ақпараттар беріп, оның мекен ету аймағын қайта қалпына келтірудің маңыздылығы жайлы жан-жақты түсіндіріп берді. Сөзінің соңын «Тұран жолбарысы!» деп шегелеп аяқтады. Шыны керек Қасым-Жомарт Кемелұлының Тұран жолбарысы жайлы тарихи мәліметтерді терең білетіндігі таңдандырды.

Жалпы алғанда президенттер кездесуі екіжақты пікір алмасумен, достық қарым-қатынас негізінде өтті. Президентіміздің табиғатқа деген жанашырлығы, Тұран жолбарысын қозғай отырып терең месседж тастаған тактикалық қадамы ұнады. Дипломатияның көзге көрінбейтін, бірақ астарлы сөздері ғой. Президент те әлемдік деңгейде талай келіссөзді Қазақстанның пайдасына шеше білген тәжірибелі саясаткер.

Алдағы уақытта Тұран жолбарысы Балхаш маңын қайта мекендеп, Қазақстанның жануарлар әлемі жаңарады деп сенемін! Президент айтты, демек орындалады!

Бауыржан Серікбаев

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963