Ермұрат Зейіпхан. Екі дүниеде жалғызым - Қазақстан!
Ақын, сазгер, жазушы сегіз емес, сексен қырлы сері Ермұрат Зейіпханның да дүниеден көшкеніне кеше, 21-нші маусымда жыл толды. Көзі тірісінде қазақ өнері, қазақ әдебиетіне барын салып, адал қызмет еткен Ерекеңнің ерте кеткені қалың қазақтың қабырғасына қатты батты. Тас түскен жеріне ауыр болды.
Ермұрат Зейіпханды өлді деуге сыймайды. Өнер жасаған жанның өлмейтіні әлімсақтан белгілі ақиқат. Міне, енді, Ермұраттың да өнерінің өмірі басталды. Ол өнер - өлмес өнер екен. Оған «Көк туым - әнім» атты Ермұрат Зейіпханды ескен алу кешіне барғанда толық көз жетіп, көңіл сенді. Ерекеңнің елі бар екен. Ерекең елмен бірге мәңгі жасайды. Отанға, туған жерге деген ұлы махаббатқа толы Ермұрат әндері мен өлеңдерін естіп, көз алдымыз дымданып отырып Ермұрат Зейіпханның өнерінің - екінші өмірінің, өзі Жаратқаннан кейін жанындай сүйген ұлтымен бірге мәңгі жасай берер жасампаз жолын көрдік.
Ерекеңнің ағайын-туысы мен өнердегі жан аямас достары ұйымдастырған еске алу кеші өткен Студенттер сарайының залы лық толды. Әрбір орындалған әнді Ермұратқа деген елінің ыстық ықыласы көміп кетіп жатты.
Кешті ұйымдастырушылар Ермұрат Зейіпханның әндерінен «Көк туым - әнім» атты ән табақ шығарыпты. Ән табақтағы барлық ән кеш бойында қазақтың дәстүрлі һәм эстрада әншілерінің орындауында шырқалды.
Ақын, сазгер, жазушы сегіз емес, сексен қырлы сері Ермұрат Зейіпханның да дүниеден көшкеніне кеше, 21-нші маусымда жыл толды. Көзі тірісінде қазақ өнері, қазақ әдебиетіне барын салып, адал қызмет еткен Ерекеңнің ерте кеткені қалың қазақтың қабырғасына қатты батты. Тас түскен жеріне ауыр болды.
Ермұрат Зейіпханды өлді деуге сыймайды. Өнер жасаған жанның өлмейтіні әлімсақтан белгілі ақиқат. Міне, енді, Ермұраттың да өнерінің өмірі басталды. Ол өнер - өлмес өнер екен. Оған «Көк туым - әнім» атты Ермұрат Зейіпханды ескен алу кешіне барғанда толық көз жетіп, көңіл сенді. Ерекеңнің елі бар екен. Ерекең елмен бірге мәңгі жасайды. Отанға, туған жерге деген ұлы махаббатқа толы Ермұрат әндері мен өлеңдерін естіп, көз алдымыз дымданып отырып Ермұрат Зейіпханның өнерінің - екінші өмірінің, өзі Жаратқаннан кейін жанындай сүйген ұлтымен бірге мәңгі жасай берер жасампаз жолын көрдік.
Ерекеңнің ағайын-туысы мен өнердегі жан аямас достары ұйымдастырған еске алу кеші өткен Студенттер сарайының залы лық толды. Әрбір орындалған әнді Ермұратқа деген елінің ыстық ықыласы көміп кетіп жатты.
Кешті ұйымдастырушылар Ермұрат Зейіпханның әндерінен «Көк туым - әнім» атты ән табақ шығарыпты. Ән табақтағы барлық ән кеш бойында қазақтың дәстүрлі һәм эстрада әншілерінің орындауында шырқалды.
Төменде «Көк туым - әнім» концертінде орындалған Ермұрат Зейіпханның әндеріне бір топ өлеңдерін қоса жариялап отырмыз.
«Абай-ақпарат»
Қаңтар туған жанымды оттай көр де,
Тоқтай көрме жүрегiм -
Тоқтай көрме.
Iңiр реңдес тәнiмдi тастамағын,
Менен басқа жоқтай көк,
Жоқтай жерде.
Бүлкiлдетiп Ананың әз құрсағын,
Өмiр деп дүрсiл қақан сол бiр сарын -
Мың құбылған дүние, Дүр жалғанмен
Тiнi бiр - бағы өртеп, тоңдырса мұң.
Тiрлiктi бөлеп ызғар, мол жалынға,
Жүрегiң - күн секiлдi,
Ол - жану да.
Кеудемнiң оң жағы емес, ортасы емес,
Сыр бар-ау, орныққаны сол жағында.
Сен менi
Бiр бұйырған бақтай көр де -
Тоқтай көрме, жүрегiм,
Тоқтай көрме.
***
Бұл өмiрден озбақтың озды бәрi,
Озғандардың -
Қалғандар көз-құлағы.
Жалаң қылыш, жалаң төс бабалардың,
Өрлiгi ұрпақ қанын қоздырады.
Әуелде қонып жүрдiк, көшiп жүрдiк,
Даланы желмен бiрге есiп, жыр ғып.
Ат жалы, түйе қомы - шұбыр, керуен...
Жатар-ды шаң көтерiп есiл құрлық.
Ары да, берi де асып көкжиектен,
Атанжiлiк, атпалдар жол жүдеткен -
Тебiнгiсiн шiрiтiп оралатын,
Үш жұртына жүрегiн елжiреткен.
Ел шетiн басқан жаумен қидаласып,
Жан алысу, жан беру - бұл да нәсiп.
Есен-аман оралар аламандар,
Қара қос, қара бала қылған асық.
Бабам - дала қорғаны, орман, ығы,
Өстi, өндi ұрпағы, төл, мамыры...
Қанымызды қыздырған рух-күшi,
Аман сақта дегенi қолдағыны.
Жатта қалған iз, қорым, белес, белгi...
Қу жанды ой кемiрiп, егес жейдi.
Сары құрлық көз салсам алабына,
Бабаларым сайлауыт елестейдi...
ЖАҒДА-ДАСТАН
Ол туғанда күлдi ақпан,
Күш тебiндi құндақтан.
Ол өскенде ата жұрт -
Қалжыраған бұлғақтан.
Ел қайғысы тым батқан,
Ет жүрегiн тулатқан -
Қаламмен де, қарумен,
Жатқа қарсы үн қатқан.
Жаратқанға мың мақтан!
Жолын күнi-түн баққан -
Тәуелсiздiк ұлы арман,
Алаулады нұрлы ақ таң.
Жаңылмай тұлпар бiр баптан,
Қандырып шөлiн үр бақтан -
Жөнелдi тоқсан үшiнде,
Пәрмен келiп бiр хақтан.
Тына қалды тыңдатқан
Тағдырлы ән, қымбатты ән...
Пәкизат тән жеп-жеңiл, -
Өсиетi мың батпан!
ЖОҢҒАР ҚАҚПАСЫН КӨРГЕНДЕ
Қанша байлық кiсi бойы құбырмен,
Арғы жақтың аранына жүгiрген...
Бiз бiлмеймiз,
Бiлемiз тек Алладан -
Медет тiлеу атар таңмен, iңiрмен.
Қаншама жер қалды екен арыда,
Суарылған бабалар тер, қанына...
Бiз бiлмеймiз,
Тiлеймiз тек Алладан -
Кiр түспесiн Алашымның арына.
Қаншама орман бiздерге тән бұталып,
Қаншама арман үлгiре алмай тұтанып...
Бiз бiлмеймiз,
Тiлеймiз тек Алладан -
Даламыздан кетпесе екен құт ауып.
***
Босау үшiн санадағы әлектен,
Бiр Құдайға болыңдар деп тәуелдi.
Хақ жолында көз жастарын нәр еткен,
Пайғамбарлар ақын едi әуелгi.
Жаратқанның қанатының астында,
Дерт-дербезсiз олар жүрдi сенiммен.
Жыр жауһары - әлде ұқсап тасқынға,
Әлде аян нұры болып себiлген.
Көктен түскен - мұғжизе,
тәлiм, тағылым,
Әуелi сол елшiлерге берiлген.
Болар сосын күллi жұртқа мағұлым,
Әйтпесе олар ненi ұғып, не бiлген...
АЛАКӨЛ
(Найманғалиға)
Атың жетсе шарла қала, дала көр,
Бiрақ, қайда, мекенiңдей дара жер.
Өз-өзiнен қызғанатын қазекем,
Өзгелердiң көзқұрты ғой - Алакөл.
Нәр-тамырын жырламаса өлең бе ол,
Тұру керек қай-қашанда төбеңде ел!
Бұл Алакөл - бұла мiнезi ерлердiң,
Бұл Алакөл - ең таза, ең терең көл.
Барлық мұнда, Жоңғар Алатауы бар,
Беу, Барқытбел - сен деп көңiл ауырар...
Қабанбайдың терi, демi сiңген жер,
Төңiректен iзiн, балам, тауып ал.
Шыңғыс ханда мұнда малып кекiлiн,
Аялдапты жетi ай ма, жетi күн...
Ғарышкерлер зымыраннан түсе сап,
Көл нәрiмен толтырар кем-кетiгiн.
Ар жағы Арал, Көктұма ғой бiз жағы,
Көктұманың кетер ме естен тұз-дәмi...
Шiлде, тамыз - осында жүр, осында,
Шартараптың ең әдемi қыздары.
Ар ғой бұл көл - Таптатады арын кiм?!
Айбалтаңмын, қарыңа елiм тағынғын!
Мұнда туып, өспесем де, бағызы -
Исiн сезем, шiркiн, бабаларымның.
***
Медеу, бөген, жақтауда...
(Бiзге ендi бұдан жақын жақ бар ма).
Алматының иiсi сiңген иiндi,
Исiндiрiп Алатауым жатты алда.
Онда бiздер биiкте едiк тағдырдан,
Биiктедiк қол ұстасып қар-қырдан.
Шуақтанып, қуаттанып балқыдық,
Тек екеумiз, бар рахыман, бар нұрдан.
Ұмыттық бiз - Маңдайдағы жазуды,
Ұмыттық бiз - Шақырлаған азуды.
Тыныс алдық саф ауамен дуасыз,
Топтан оқшау пейiлi зәр, назы улы.
Өттi күндер....
Өттi ай, жыл...
Бақытты ек -
Ләззатты да,
Азапты да татып көп.
Қайда жүрсем, жарық шашып
ол тұрды,
Тағдырымның маңдайында
жаһұт боп...
(...Күн мен түндей, Алма-кезек сор бақыт)
Маған нұрын солғын шашып сол жаһұт -
Ашпай қойды - кездескенде қабағын,
Баспай қойды - бiргежүрген жолға түк.
Нәзiк едi, Одан қатты жоқ ендi,
Бiрiкпейдi екi айырылған жол ендi.
Мен өмiрдiң бұза алмадым бұғауын,
Ол бiреудiң iзiн бағып жөнелдi...
Медеу, бөген, жақтауда...
(Ендi бiзге одан алыс жақ бар ма?!.)
Ермұрат Зейіпханның әндері:
Көк тудың желбірегені - өлеңі ақын Алмас Ахметбекұлы, орындаған - Майра Мұхаммедқызы
Көк тудың желбірегені by Omirzhan Abdihalyh
Күнес-ай - орындаған - Алтынай Жорабаева
Күнес-ай by Omirzhan Abdihalyh
Шамша сағынышы - орындаған Жеңіс Ысқақова
Шамша сағынышы by Omirzhan Abdihalyh
Адуынкер арман - Таңат Мамырхан
Адуынкер арман by Omirzhan Abdihalyh
Жайлауым - әнім - орындаған - Игорь Благодарный
Жайлауым әнім by Omirzhan Abdihalyh
Би кешіндегі бикеш - орындаған - "Сағыныш" тобы
Би кешіндегі бикеш by Omirzhan Abdihalyh
Жанар қыз - орындаған - "Денар" тобы
Жанар қыз by Omirzhan Abdihalyh
Сәуірдің бұлты сұр шулан - сөзі ақын Алмас Ахметбекұлынікі, орындаған - Ербол Әбен
Сәуірдің бұлты сұр шулан by Omirzhan Abdihalyh
Жиырма бесім, отыз бесім, ай-хай Арлан - Ермұрат Зейіпханның өлеңі - оқыған Бақтияр Қожа
Жиырма бесім, отыз бесім, ай-хай, Арлан by Omirzhan Abdihalyh
Әлемнен саған тең іздемен... - орындаған - Тілеубек Қожан
Әлемнен саған тең іздемен... by Omirzhan Abdihalyh
Тобылғыжарған - сөзі ақын Нұрлан Мәукенұлынікі - орындаған - Баян Нұрмышева
Тобылғыжарған by Omirzhan Abdihalyh
Екі дүниеде жалғызым - Қазақстан! - орындаған - Қайыржан Бердібай
Екі дүниеде жалғызым - Қазақстан! by Omirzhan Abdihalyh
Ермұрат Зейіпхан әндеріне попурри - орындаған - "Арайлы Ақтөбе" фольклорлік ансамблі
Ермұрат Зейіпхан әндеріне попурри by Omirzhan Abdihalyh
Қайран да менің Ерекем - сөзі ақын Б.Шормақұлынікі - орындаған - Өмірқұл Айниязов