Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4961 4 пікір 4 Қазан, 2021 сағат 14:27

Ұшты, ұшты Ахметов ұшты...

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өңір басшысы Даниал Ахметовтың Алтайға тікұшақпен ұшуына 1 миллион 167 мың теңге жұмсаған. Бұл туралы PROTENGE телеграм каналы мәлімдеді. 

Телеграм ақпаратынша, Ахметовтың жанында тағы үш адам болған.

«Алтайға автокөлікпен жету онша көп уақытты алмайтынына қарамастан (төрт сағат) Даниал Ахметовтың Алтайға тікұшақпен ұшуына ШҚО әкімдігі 1 миллион 167 мың теңге жұмсады. Аяқталған жұмыс актісіне қарағанда, онымен тағы үш адам болған. Олар: Иванов, Ли және Якунина»,- делінген ақпаратта.

Бұл Ахметов мырзаның биылдықтағы жалғызілік сапары емес. Мәселен, 2021 жылдың басынан бері ШҚО әкімдігі Ахметовтың 19 рейсіне 54,5 млн теңге шығындапты.

Ал, бұған дейін ШҚО әкімдігі Ұлыбританиядағы Made in KZ қазақстандық тобының өнер көрсетуі үшін 19,7 миллион теңге жұмсағаны айтылған. Аталған топ 27 қыркүйекте Кембридж мұражайында «Ұлы дала алтыны» көрмесінің ашылуында өнер көрсетті.

Музыкалық жабдықтар, костюмдер мен көліктен бөлек, әртістерге арналған виза үшін ғана Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 2,4 млн теңге төлеген. Ал, топтың Ұлыбританияға ұшуы үшін 1,8 млн теңге жұмсалса, әртістердің сегіз күн бойы қонақ үйде тұруына 2,6 миллион теңге кеткен. Сондай-ақ, оларға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындалыпты.

Айтпақшы, Ұлыбританияда өткен «Ұлы дала алтыны» көрмесіне Даниал Ахметов те барған. Бірақ, бұл айтылған 19,7 миллион теңгеге әкім Даниал Ахметовтың билет құны кірмепті.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371