Жұма, 15 Мамыр 2026
3650 7 пікір 7 Қазан, 2021 сағат 12:05

Араб шейхтары Орталық Азияда аң атып жүр

Дубайдың мұрагер ханзадасы шейх Хамдан бен Мұхаммед әл-Мактум Өзбекстанға құс аулау үшін келді. Науаи қаласында қонаққа арнайы аңшылық саяхат ұйымдастырылған. Бұл туралы ханзада өзінің Twitter-дегі парақшасында жазған. 

Науаи қаласынан 50 шақырым жерде дуадақ өсіру және консервациялау орталығы бар. Орталық 2008 жылы Дубай әмірі Мұхаммед ибн Рашид Аль Мактумның бастамасымен құрылған. Орталық жұмыс істеген жылдар ішінде орталық қызметкерлері 10 мыңға жуық дуадақты табиғатқа жіберген.

Өзбекстанда дуадақ аулау маусымы қыркүйек-қазан айларында өтеді. Сұлтанның отбасы мүшелері Өзбекстанға жиі аңшылыққа шығады. Олар Өзбекстанда соңғы рет 2020 жылдың қазан айында болған.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2738
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1858