Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3752 0 пікір 8 Маусым, 2012 сағат 09:35

Өскемендегі конденсатор зауыты ҚР Президентіне ТМД-да баламасы жоқ жаңа өнімін таныстырды

Өскеменде Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша өткен көрмеде ел Президентіне аймақ кәсіпорындарында индустриялық-инновациялық дамыту және қазақстандық үлесті арттыру аясындадайындалған жаңа өнімдердің үлгілері ұсынылды.

Мұндай мысалдардың бірі Өскемендік конденсатор зауытында КЕГОК қажеттіліктері үшін шығарылған «сыйымдылығы ИТН-110-550 кв кернеулі трансформаторы» болды.

Кәсіпорынның бас директоры Виктор Аксенов Мемлекет Басшысына осындай күрделі өнделген транформаторлар - ТМД елдері аумағында осындай тектес деңгейдегі жалғыз конденсатор екенін хабарлады. Қазіргі кезде КЕГОК осындай өнімдерді Еуропадан сатып алуда.

Президент көрме экспозициясымен танысқан соң, зауыт жетекшісі кәсіпорынның мемлекет тарапынан алатын қолдауы туралы айтып берді. Кәсіпорын екі мемлекеттік бағдарламаға қатысуда. Олардың бірі - «Бизнестің жол картасы» бойынша, ол «Даму» қорынан айналмалы қаражатты толтыру үшін 750 млн. теңгеге жуық қаражат алды. Тағы 100 млн. теңге жаңа жабдықтарды сатып алу үшін алынды.

«Олардан біз екі несиелік желімен екі жыл бойы несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің қаражатын алдық, ол шамамен 60 млн. теңге. Бұл біз үшін, әсіресе, 2009 жылдың қорытындыларын есепке алғанда өте маңызды қолдау. Өзіңіз білетініңіздей, онда несиелерді валютамен берген. Валюталар бағамының төмендеуінен біз 80 млн. теңгеге шығындалдық. Бізге 60 млн. теңгені теңгергені өте маңызды қолдау», - деп баяндады В.Аксенов.

2012 жылдан бастап кәсіпорын «Өнімділік-2020» бағытының аясында инновациялық гранттарды беру» бюджеттік бағдарламасына қатысуда. Зауыттағылар гранттар бойынша үш ұсынысқа өтінім беріп, 25 млн. теңгені құрайтын бір грантты жеңіп алды. «Бұл біздің тағы бір жаңалығымыз бен импорт ауыстыру бойынша жаңа өңдеуіміз болып табылады. Президентке бүгін көрсетілген жаңа конденсатордың ТМД елдерінің аумағында баламасы жоқ. Бізге дейін оны ешкім шығармады, Қазақстанда да, ТМД елдерінде де шығарып жатқан жоқ,», - деп қорытындылады «Өскемен конденсаторлық зауытының» жетекшісі В.Аксенов.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434