Сенбі, 19 Қазан 2024
Жаңалықтар 2437 0 пікір 12 Маусым, 2012 сағат 09:41

Өскеменде еңбек ұжымдары жұмыс күнін мемлекеттік әнұран орындаудан бастайды

Өскеменде 4 маусым күні мемлекеттік рәміздер күніне арналған бірқатар шаралар өтеді. Қаладағы барлық еңбек ұжымдары жұмыс күнін Қазақстан Республикасы әнұранын орындаудан бастайды.

«Қаладағы көптеген еңбек ұжымдары жұмыс күнін Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранын орындаудан бастайды. Шығыс Қазақстан облыстық әділет департаменті де жұмыс күнін осылай бастамақ. Мемлекеттік қызметшілердің әнұран орындаудан еңбекке кірісулерінің өзіндік мәні бар»,- деді қалалық әкімшілікте.

«Сонымен қатар, 4 маусым күні Өскеменде Тәуелсіз Қазақстанның өткен тарихынан сыр шертетін стендтердің салтанатты ашылуы және түнгі уақытта жарықтандырылатын Қазақстан деген жазуы бар тауда мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандардың ант қабылдау рәсімі өтеді деп жсопарланған. Естеріңізге саламыз, 2009 жылы теңіз деңгейінен 522 метр биіктікте, көлемі 12х24, тутұғырдың биіктігі 40 метр, жалпы 622 метр болатын мемлекеттік байрақ орнатылған болатын»,-деп қорытындылады әкімшілікте.

"Абай-ақпарат"

0 пікір