Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4047 12 пікір 8 Қазан, 2021 сағат 15:35

Грузияда не болып жатыр?

Грузияда не болып жатыр? Саакашвили неге елге келді?
Грузияда өткен жексенбіде муниципальдық сайлау болып өтті. Қалаларда мэрлер жаңадан сайланды. Осыны пайдаланып Саакашвили бағын сынап көрмек болды да ва-банкке кетті.

Оның есебі бойынша оны, әрине, барған бойда тұтқындайды, түрмеге жабады, өйткені ол Грузияда баяғыдан бері іздеуде жүрген адам. Содан кейін оны не халқы көтеріліс жасап құтқарып қалуы тиіс, яғни оны жабылып түрмеден шығарып алады да содан кейін қайтадан Саакашвили билігі орнайды. Бұл жолы ол, әрине, бұрынғы қателіктерін қайталамауға тырысады да ұзақ уақыт билікте болады.

Ал егер халқы қолдамай қалса ше? Қазіргі билік жағы жеңіп кетсе? Онда ол түрмеде шіриді.

Қазір опппозиция Грузия халқын көтеріп, Саакашвилиді босатып алуға талаптануда. Әзірге жағдай не болары белгісіз. Саакашвили бәрін дұрыс есептеді ме, жоқ па - оны да дәл қазір болжау қиын. Уақыт көрсетер, күтеміз. Бірақ бір нәрсе айқын - харизмасы бар адам, тынымсыз, күрескер. Ол үшін тыныш отыру өліммен тең. Сол ерлігі үшін ғана оны сыйлауға болады.
Өкінішке орай, бізде ондай күрескерлер болмай тұр. Кілең бір жүрген қоян жүрек қорқақтар. Қажыгелдин де, Әблязовтар да, Жақияновтар да - бәрі де Саакашвилидей бола алмай тұр. Әлде әлгінің мафиясы тым қуатты ма?

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395