Финндердің өкініші және «Спутник V»
«Спутник V» вакцинасын алған финндер басқа вакцина алмағандарына өкінетін болып шықты. Бұл ресейлік вакцинаны алғандықтан, өзге елдерге ПТР тестсіз шығу мүмкін емес болғандықтан орын алған жағдай. Ресейлік вакциналар ДДСҰ стандартына сай деп танылмағандықтан, әлемде мойындалған жеті вакцинаның қатарына кірмейді. Сәйкесінше ресейлік вакцинаны алған адамдарға шектеулер көп. Шетке шыққанда арнайы вакцина паспорты мойындалмайды.
«Расымен де ресейлік вакцинаны алған жандар екінші мәрте оны алмауды жоспарлап отыр», - дейді Ұлттық денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру институтының бас дәрігері Ханна Нохинек.
«Олар шекараны өтуде үлкен қиындықтарға тап болуда. ПТР тест жасауға мәжбүр, сондықтан ресейлік вакцинаға деген халықтың көңілі қалған», - дейді ол. Аталмыш мәселе тек қана Еуропа халқын емес, сонымен қатар ресейлік туристтерді де алаңдатуда. Қазіргі маршрут бойынша мыңдаған ресейлік Сербияға келіп ДДСҰ мойындаған вакцинаны алып, артынша алаңсыз қыдыруға шығатын болған.
«Спутник» вакцинасы Еуропалық қауымдастық кеңістігінде мойындалмаған, себебі оны сатуға рұқсат етілмеген. Қазіргі таңда Еуропалық дәрі қоры вакциналарды шығару орындарын талапқа сайлығы бойынша тексеруде, оның ішінде ресейлік вакцина да бар.
Ресейлік вакцинаның мойындалуына әлі көп уақыт керек. 15 қыркүйек күні Ресейдегі тексеріс барысында ДДСҰ инспекторлары вакцинаны мойындау процесін белгісіз уақытқа дейін тоқтатты. Себебі вакцина шығаратын орын халықаралық талаптарға сай емес болып шыққан.
Қазіргі уақытта Финляндияда қанша адамның ресейлік вакцина алғаны жайлы нақты ақпарат жоқ. Ресейдегі туыстарына барып, вакцина алған финндер жетерлік. Сондықтан қанша адам ресейлік вакцина алғаны нақты айтылмауда. Еуропа елдерінің ішінде Венгрия ресейлік вакцинаны мойындап, алғаш болып сатып алған елдің бірі. Олар Еуропалық қауымдастықтың талаптарын мойындамастан, Мәскеудің өнімін алуға келіскен. Алайда жаңа талаптарға сай енді Венгрия халқы сыртқа шығу үшін қосымша ПТР тесттер жасатуға мәжбүр болуда.
Ревакцинация процесінде финндер ресейлік вакцинадан толық бас тартып, халықаралық вакциналарды алуға ниеттеніп отыр. Мысалы «АстраЗенека» алған көпшілік ендігі таңда «Пфайзер-Бионтек» алуға шешім қабылдаған.
Бұл мәселе тек қана финндерге тән емес. Қазақстан халқының басым көпшілігі ресейлік «Спутник V» вакцинасын алған. Финляндия халқында қандай қиындықтар туындаса, Қазақстан халқында да тура сондай қиындықтар бар. 10 млн доза «Спутник» сатып алған Қазақстан билігі, халықаралық сертификаты жоқ өніммен елдің басым көпшілігін вакцинациялады. Ендігі таңда ол азаматтар сыртқа шығу үшін қосымша ПТР өткізіп, шығынға батуға мәжбүр.
Асхат Қасенғали
Abai.kz