Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3130 0 пікір 19 Қазан, 2021 сағат 16:55

Ұтылатын өздері

Ресей 1-ші қарашадан бастап НАТО-дағы тұрақты өкілдігін жабатын болыпты. Сондай-ақ альянстың Мәскеудегі информбюросы да жабылатын болған. Шешім біржақты, Мәскеу тарапынан болған.

Жалпы Ресейдің шетелдегі дипломаттары жаппай шпиондық әрекеттердің ұйығы екендігі үнемі дәлелденіп келеді. Олардың елшіліктері ел-елді жақындастыру, бір-бірінің мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін зерттеп, тілдерін үйреніп, т.с.с. елшілік қызметтерін атқару орнына үнемі есірткі, контрабанда, технология ұрлау, басқа да толып жатқан қылмыстардың ошағы болып табылады. Бұған қазір әлем елдерінің көзі әбден жеткен, сондықтан да олар өз елдерінде РФ елшілерінің санын ең төменгі минимумында ұстауға тырысады. Елшілік иммунитетті пайдаланып Аргентинадан ұшақпен кокаин тасымалдау, Британияда Скрипальді новичокпен улау, т.с.с. осы елшіліктердің мойнында.

НАТО-да да шпиондық әрекеттері белгілі болып қалғандықтан олардың санын екі есеге, он адамға шейін төмендету ұсынылып келеді. Оның үстіне жақында Болгарияда РФ тыңшысы, Түркиеде киллерлікпен айналысатын 6 адамы ұсталғаны бар. Ресейдің ойынша егер дипломаттар саны 10 адам ғана болса, оның үстіне олар қатты бақылауда болса, олар шпиондықпен айналыса алмаса, онда тұрақты өкілдік ұстаудың қажеті қанша деп есікті тарс жауып кетуді ойлаған сияқты.

Бұған НАТО дипломатиялық "өкініш" білдіріп, шындығында қуанып кететіні анық. Онсыз да бұлардан қалай құтыламыз деп жүргенде өздерінің кетуі шындығында тіпті қуанарлық жағдай. Себебі дұрысында бұл жерде НАТО елдерінің ештеңесі де кетпейді, ал Ресей үшін тағы бір өркениет есігі жабылды деген сөз. Ұтылатын өздері. Е мейлі, өздеріңе сол керек дейміз біз.

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478