Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3366 0 пікір 6 Шілде, 2012 сағат 07:39

Интернет-конференция: «Жігіттер» квартеті

Қазақ эстрадасына өзіндік қолтаңба, өзгеше үнімен келіп,  тыңдармандар арасында айрықша танымал болып үлгерген өнер ұжымдарының бірі - «Жігіттер» квартеті. Үлкен сахнаға алғаш рет 2004 жылы шыққан топ содан бергі сегіз жыл ішінде ұлттық эстрадамыздың ән қорына талай тамаша туынды қосты, ескі де есті әндерді жаңаша жаңғыртты. Жұмысын лирикалық бағытта бастаған квартеттің қазір репертуарын басқа да жанрларға тән әндермен байытуға талпыныстары байқалады.

«Жігіттер» қазір қандай шығармашылық ізденісте жүр? Алға қойған нендей мақсат-мұраттары, ойға алған жоба-жоспарлары бар? Мұндай және басқа да сұрақтардың сіздердің көкейлеріңізде де жүруі әбден мүмкін. Сондықтан, конференциямыздың кезекті қонағы ретінде «Жігіттер» квартетін шақырып отырмыз. Квартет әншілері - Ердос Қанаевқа, Айдар Байжановқа, Бағлан Әбдірайымовқа және Мырзахан Махановқа қояр сауал, айтар ой-тілектеріңіз болса, мархабат!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364