Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2861 0 пікір 10 Шілде, 2012 сағат 12:24

Алматыда Сайран көлінің жағалауында океанариум салынады

Алматыда Сайран көлінің шығыс жағалауында 0,6 гектар жер аумағында океанариум орналасатын болады. Аталмыш мәдени құрылым жеке инвесторлар қаржысына жасалынбақшы.

«Әрине, жер аумағы бұдан да үлкен болғанын қалар едік», - деді Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары Жанат Айтілеу. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Айтілеу океанариум құрылысы келесі жылы басталып, бір-бір жарым жылға созылуы мүмкін екендігін жеткізді.

Айта кетейік, Алматыда океанариумның пайда болатыны туралы ақпаратты ақпан айының басында қала әкімі Ахметжан Есімов жеткізген. Ол өз сөзінде: «Біз егер, мүмкін болса, биыл немесе келесі жылы океанариум салуды жоспарлап отырмыз. Білесіздер ме, океанариум - тек әдемілік қана емес, ол белгілі бір дертке шалдыққан балаларды емдеуге қолданылады. Сондықтан біз Сайран көлін жақсарту жұмыстарына кірісеміз», - деген болатын.

Дереккөз: 1tv.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394