Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2811 0 пікір 11 Шілде, 2012 сағат 08:27

Арсыз шара Астанада өтпейтін болды

Елордамыз Астанада шілденің 13-і күні  «Наше место» аталатын антикафенің алдында жабысып алып жаластындардың жарысы өткелі жатқанын алғашқылардың бірі болып қазақ тілді ғаламтор бетінде жариялаған едік. Сол кезде тақырыпқа байланысты пікір білдіргендердің бірі «Абай.кз», осындай арзымайтын мәселені көтерудің қажеті қанша еді?» деп кейістік білдірген. Оған қосылып тағы бір ағайын қазақ журналистерін жерден алып, жерге салып янаттаған да еді. Тегінде, қоғамда жілігі татымайтын тақырып кем. Бірақ,  азаматтық қоғамның белсенділігі артпай қандайма мәселе күн тәртібіне қойылса да тасада қала береді. Содан отыра қалып бәріне билікті жазғырамыз. Әсілінде, азаматтық қоғам сергек болып ұлттық, елдік жайттарға жан ашырлық танытып отырса, билікке жетпей-ақ кейбір істің шешімі табылып жатар еді. Бұны неге айтып отырмыз? Бұны айтып отыруымызға себеп - Астанада өте жаздаған арсыз шараның алдын алып, мысалы ҚМБД бастаған мұсылмандардың қарсы шығуы дер едік. Қазақ тілді сайттар мен газеттерде антикафешілердің әрекеті туралы жазылған соң мешіттердегі жамағат наразылық білдіріп, үндеу жариялай бастады. Нәтижесінде жария түрде жаласатындардың жарысын ұйымдастырмақ болған Күшіғұлов дейтін жігіт жеңілгенін мойындады.

Елордамыз Астанада шілденің 13-і күні  «Наше место» аталатын антикафенің алдында жабысып алып жаластындардың жарысы өткелі жатқанын алғашқылардың бірі болып қазақ тілді ғаламтор бетінде жариялаған едік. Сол кезде тақырыпқа байланысты пікір білдіргендердің бірі «Абай.кз», осындай арзымайтын мәселені көтерудің қажеті қанша еді?» деп кейістік білдірген. Оған қосылып тағы бір ағайын қазақ журналистерін жерден алып, жерге салып янаттаған да еді. Тегінде, қоғамда жілігі татымайтын тақырып кем. Бірақ,  азаматтық қоғамның белсенділігі артпай қандайма мәселе күн тәртібіне қойылса да тасада қала береді. Содан отыра қалып бәріне билікті жазғырамыз. Әсілінде, азаматтық қоғам сергек болып ұлттық, елдік жайттарға жан ашырлық танытып отырса, билікке жетпей-ақ кейбір істің шешімі табылып жатар еді. Бұны неге айтып отырмыз? Бұны айтып отыруымызға себеп - Астанада өте жаздаған арсыз шараның алдын алып, мысалы ҚМБД бастаған мұсылмандардың қарсы шығуы дер едік. Қазақ тілді сайттар мен газеттерде антикафешілердің әрекеті туралы жазылған соң мешіттердегі жамағат наразылық білдіріп, үндеу жариялай бастады. Нәтижесінде жария түрде жаласатындардың жарысын ұйымдастырмақ болған Күшіғұлов дейтін жігіт жеңілгенін мойындады. Сөйтіп, Астанада 2010 жылдың 25 желтоқсанында «Нұр Астана» мешіті жанындағы «ASIA PARK» сауда үйінде тырдай жалаңаштар жарысын өткізіп тайраңдаған Күшіғұлов еріксіз атының басын тартты. Аталған сауда үйінде басынан бақайшағына дейін шешінгендерге тегін джнсы шалбарын таратып шалқыған Күшіғұловтың ол кездегі масқара тірлігі де қазақ баспасөзінде жазылған-ды, бірақ оған ҚМБД дәл осы жолғыдай аса мән бермеген еді. Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы антикафенің алдында өте жаздаған марафонға байланысты ҚМБД мынандай мәлімдеме жасаған болатын:

Күні кеше ғана бүкіл қазақ мұсылман ел екенімізді айдай әлемге паш еттік. Ғажайып «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылды. Міне, бүгінде рухани келісімнің ордасына айналған Астанада ұлт болашағы - ұл мен қызымызды сүйісуден жарыстыру қаншалықты орынды? Ай дейтін ажа, қой дейтін қожа болмаса, ертең елімізде ашық зина жасаудан байқау өткіземіз дейтіндер шықпасына кім кепіл?

Адамзаттың асылы ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Егер бір жамандықты көрсең, қолмен түзет, оған шамаң келмесе, тілмен айт, оған да күшің жетпесе, жүрекпен жек көр. Бұл - иманның ең әлсізі», - деген.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394