Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5597 2 пікір 9 Қараша, 2021 сағат 11:31

Бұлардың мақсаты қазақты байытпау

Утильсбордың арқасында ресейлік сақырлақ көліктерді үкіметтің өзі кіргізді. Кедендік одақ Ресейге қоқысын тазартып, миллиардтарды бюджетіне құюға таптырмас мүмкіндік берді. Путинге рахат. Қоқысын бізге жіберіп, бюджет жасап алды. Біздің жеткен жеріміз сол, ресейлік сақырлақ көліктерге зар болып, 220 мыңын алып, күнімізді көруге байландық. Елде көлік алу қарапайым жұртқа мүмкін емес жағдайға жетті. Енді келіп, үкіметтің күнін әзер көріп отырған елдің қолындағы ресейлік сақырлақ көліктерге шүйлігуі бұл халықты мазақ етіп, қандай иттікке болса да лайықсыңдар дегені. Жәй жеңіл көлікке алынатын Утильсбордың өзі елді есеңгіретіп тастады. Ал, ауылшаруашылық саласы техникаларына алынатын Утильсбордың сомасын көрсең, төбе шашың тік тұрады. 12 миллионға дейін жетеді. Бұдан қалай ауылшаруашылық саласы дамиды? Кәсібі тұралап тұрған шаруаның мынау сомаға белі сынып кетеді ғой. Қалай орта және шағын кәсіпті дамытпақсың? Шаруада жер де, дұрыс көлік те жоқ қой. Жекеленген лоббисттер елді тұншықтырып тынды.

Мен осыны жасап отырған адамдар қандай қатындардан туған екен деп таңданысымда шек болмай отыр... Қатыннан туған ба, ібілістен туған ба бұлар...
Бұлар шынымен адамнан шыққан ба?
Бұлар шынымен қазақ па?
Сене алар емеспін...
Қазаққа да бәрібір сияқты.
Утильсбор қазақтың соры болды.

Бұлардың мақсаты қазақты байытпау.

Бекболат Қаржан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5442