Челах шекарашыларды өлтірмегенін айтты
«Арқанкергендегі» қанды қырғынды жалғыз өзім жасадым деп мәлімдеме жасаған шекарашы Владислав Челах өз сөздерін қайтып алды. Бұл туралы «Қазақстан TODAY» ақпарат агенттігі хабарлайды. Агенттік Валдиславтың атасы Владимир Челахпен тілдескенде, шекарашанының атасы «Влад өз сөздерін қайтып алып, шекарашыларды өлтірмегенін айтты. Сонымен қатар, мемлекет тағайындаған қорғаушыдан да бас тартты. Меніңше, бұл өте дұрыс шешім» деп жауап берген. Бүгінде психиатриалық сараптамадан өткен Челахты Талдықорғандағы СИЗО-ға аттандырған. Енді Челахпен жаңа адвокаттар - Төлеген Берліқожанов пен Серік Сәрсенов жұмыс істейді. Алғашқы мәлімдемесінен айныған Челахтың ісі енді қандай мазмұн алар екен?!
«Маса-ақпарат»