Әділбаева Балғын. "Асыл сөз" Алаш жұртына жол тартты
«Заманына қарай адамы», сол секілді әдебиеби дүниелерді де заман ағымына қарай бұру заңдылық. Әрине, бұл жерде өткен ғасырда туған жауһар дүниелеріміздің оқырманға ыңғайлы түрде жол тартуын сөз етпекпін. Қолмен ұстап, көзбен көріп, жүрекпен сезіп кітап оқудың жөні бөлек. Алайда, заманның да заңдылығына бағыну керек.
Осы орайда Алматы қалалық тіл басқармасының басшылығымен «Асыл сөз» қазақ жазушыларының шығармаларының аудио жинағын жарыққа шықты. Хрономантаждың ұзақтығы 16 сағатты қамтиды. Үш CD-ге топтастырылған жинақтың бірінші бөлімінен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының жай-күйін суреттейтін Мұхтар Әуезовтің, Жүсіпбек Аймауытовтың, Бейімбет Майлиннің, Ғабит Мүсіреповтің шығармаларын тыңдай аласыз. Екінші бөлімде екі түрлі өткен балалық шақты баяндаған туындыларды көре аласыз. Ал, үшінші бөлімде Кеңес кезінен қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтыған шығармалар тобы жинақталған.
Бұл дүниенің сапалы шығуына ат салысқан «Gala TV» продюсерлік орталығының еңбегін елеусіз қалдыруға болмас. Сонымен қатар, аудио кітап Мемлекеттік тілді дамыту институтының сайтында (www.mtdi.kz) жарық көріп, халық назарына ұсынылуда.

Бірін айтып, біріне кетті демеңіз, айтудың орайы келіп тұрғанда айтылмаған сөз жетім. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыру мақсатында құрылған аталмыш мекеме (Мемлекеттік тілді дамыту институты) игілікті шаралар атқарып келеді. Институт сайтынан қазақ тілімізге байланысты құнды дүниелерді табуға әбден болады. (http://www.mtdi.kz/kz/kazak-tili-kursi) Аудармашы үшін де, ана тілімізді үйренеміз деушілерге де, қазақтың ән-жырын, асыл сөздерін іздеушілерге де мардымды мағлұматтар ұсына алатын қазақ сайтының бар болғанына қуанасың.
«Сан емес сапа бер» деп Құдайдан тілек тілейтін халықпыз ғой, сапалы дүниелеріміз көбейе берсін!