Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7667 15 пікір 15 Қараша, 2021 сағат 18:48

Құдайдың да қазаққа дегенде көзі қисық

Вахтадан келген көршінің әңгімесі.
Қаражанбас кенорны маңындағы теңізде екі жігіт моторлы қайықпен құс атып жүреді. Сөйтіп жүргенде біртіндеп жағалаудан қалай ұзап кеткендерін байқамай да қалады. Енді моторды қосса от алмайды. Сөйтіп олардың қайығын жел ашық теңізге қарай алып кетеді. Жағалауға белгі беретін еш құралдары жоқ, соткілерінің заряды таусылған. Кеш түседі. Олардың жоғын байқаған біреу жан-жаққа звондап көмек шақырады. Келген құтқарушылар олай-былай кезгенмен де әлгілер табыла қоймайды. Күдерлерін үзіп кейін қайта бастағанда бір жылт еткен отты (зажигалканың отын) байқап солай қарай жүзсе әлгілердің үстінен түседі. Сөйтіп жеті сағат ашық теңіз үстінде болып, зорға дегенде өлімнің аузынан қалады. Екеуі де қазақ.

Дәл сол уақытта, сол жағалауда екі орыс та құс атып жүреді. Ататын құс таба алмай, ақырында кездейсоқ келе қалған екі аққуды атып алады. Сол жерде сойып, мөшектеріне қаптап алады. Көршімнің көзі атыздай болады, аққуды атуға болмайды деп қанша айтса да әлгілер тыңдамайды. Сен де ет ал деген екен, бұл ат-тонын ала қашады. Ертеректе жеп көрген екен, еті қатты, пісіп болмайды дейді.

Енді ойлап отырған сол - мына браконьерлер қашан тоқтайды? Сұмдық қой. Құдайдың да қазаққа дегенде көзі қисық - әлгі екі кәпірді суға ағызып кету керек еді, сонда түсінер еді аққудың киелі құс екенін деп.

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522