Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4204 0 пікір 9 Шілде, 2012 сағат 09:29

Архат ауылында атқарылған игілікті іс

Ауыз бірлігі жарасқан Абай ауданындағы Архат ауылы ел игілігі үшін атқарылған тағы бір істің куәсі болды. Шалғай жатқан  елдің еңсесін көтеруде ел басқарушы азаматтардың да еңбектері баршылық.

Ауыз бірлігі жарасқан Абай ауданындағы Архат ауылы ел игілігі үшін атқарылған тағы бір істің куәсі болды. Шалғай жатқан  елдің еңсесін көтеруде ел басқарушы азаматтардың да еңбектері баршылық.

Мәселен 22-24 маусым күндеріауылда мектеп бітіргендеріне 20 жылдық кездесу болады дегенді естіген ауыл басшысы А.Өміртаев топ басшыларымен кездесіп, кездесуден кейін ауыл тұрғындарының игілігіне жарайтын «Туған жерге - тағзым» акциясы аясында ауылда жақсы бір із қалса деп кеңес берген еді. Сол кездесу өзінің нәтижесін  беріп 22 маусым күніорталық көшенің бойынан сәнді қоршаумен 25х35 м.кв. кіші футбол алаңы бой түзеді. Бұзылған үйдің орнын тазартуға 2 трактор, 2 автомашина 30 жуық ойын баласынан бастап әкімшілік азаматтары, ауыл жастары қатысты. Трактор тиегішімен жұмыс жасаған Жасұлан Қабыкенұлы, фундаменттерін қопарып тұрған Рүстем Шаханов, Жамханов Ерсін, машина жүргізушілері Шалқар Шаянбаев, Баубек Мұқановтар  жиыны  40 машина күл-қоқыс шығарды.

1975 жылы туған азамат Дәурен Молдабаев өз қаражатына 12 сетка 10 метрден, биіктігі 2 метрден 15 баған әкеп берді. Ауыл  әкімі өзі тікелей ауыл жастарын ұйымдастырып бағандарын тұрғызып, тазартылған жерді күрекпен тазартып, тегістеп сеткасын тартқызып қоршатты. Сырлау, ақтау жұмыстарын   Төлеуханов Нұрбек пен  Сәлмен Алмас  атқарды.

Дене тәрбиесі мұғалімі Сизбай  Берікболовтың көмегімен Айтуған Смағұлов, Қазез Еспенбеттер алаңға кіретін есік, доп соғатын қақпа бәрі дерлік өлшеммен талапқа сай жасалды.

Кездесуге келген түлектер әуелі мешітке келмеске кеткен құрбыларына құран бағыштап, содан кейін ауыл тұрғындары, ұстаздарымен алаңның ашылу салтанатын тамашалады.

Лентанның қию рәсімін дене тәрбиесі мұғалімі Сизбай  Берікболов жасап, допты қақпаға бірінші болып тепкен де сол кісі болды.
Осы арада ауыл әкімі мектеп түлектеріне ауыл тұрғындарының атынан рахметін айтып, таяуда аудан орталығында өткен. Аудандық спорт ойындарының іріктеу жарысында ауыл жастары жүлделі І - орын алғанын айтып өтіп, жүлделі орын алған жүлдегерлер мараппаталып, 12 спорттық формамен доп сыйға тартылды. Апалар шашу шашып, тілектерін білдірді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Күмісханов жырдан шашу шашты.
Бұл спорт алаңы  «Туған жерге тағзым» етіп келетіндерді күтіп тұратыныанық.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364