Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3547 0 пікір 1 Тамыз, 2012 сағат 13:40

«Қазақтарға олимпиадалық форманың не керегі бар?»

Ресейлік әріптестерінің бірі Құралай Нұрқаділоваға дәл осындай сұрақ қойыпты. Бұндай қыжыртпа сауалға бұғып қалатын қазақ жоқ қазір. Құралай жұлып алғандай етіп: «Неге керек болмасын? Керек. Біз - өз тілі, өз менталитеті, өз мәдениеті бар Тәуелсіз елміз» , - деп жауап беріпті.

(Әрі қарай дизайнер Құралай Нұрқаділованың «Nur.kz» cайтына берген сұхбатын ықшамдап бергенді жөн көрдік).

- Американдықтар олимпиадалық форманы Қытайда тіккізді. Бәлкім, бізде Қытайда тіккізгеніміз дұрыс болар ма еді?

- Білесіз бе, маған жақында Ресейден хабарласып, «Bosco тұрғанда қазақтарға ұлттық нақышы бар киімінің керегі не?» деп сұрады.

- Сонымен не айтқысы келді?

- Олар қазақтар қызыл және ақ түсті, арқасында «Россия» деген жазуы бар Bosco киюі қажет дегенді айтқысы келді.

- Біздің олармен қандай қатысымыз бар?

-  Мен де оларға соны айттым. Бірақ олар түсінбейді.  Мұның себебі, біз интернетте «бізге бұл форма керек жоқ» деп  жазсақ, әлемдік қауымдастықта мұны түсінбейді. Біз өзімізді және өз дүниелерімізді құрметтемейміз. Сондай-ақ,  интернетке көпшілік іркіліссіз кіре алатынын, оқи алатынын назардан тыс қалдырып жатамыз.  Әуелі нені, қайда жазу керектігін ойлау қажет. Сосын олар  «Қазақтарға олимпиадалық форманың не керегі бар?» -  деп шығады.

Мен оларға:  «Біз - өз тілі, өз менталитеті, өз мәдениеті бар Тәуелсіз елміз. Ал, сіз ондай форма керек пе дейсіз. Күлкімді келтірмеңіз. Әрине, керек» деп дәлелмен түсіндірдім.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322