Жұма, 27 Қыркүйек 2024
46 - сөз 4761 0 пікір 22 Қараша, 2021 сағат 12:57

Бір айлық жетпеген соң таксист болады

Бірде жұма намаздан шықсам 3-4 жігіт қол көтеріп тұр екен. Жолымыз бір болған соң ала салдым. Алдына отырған жігіттің сол кездегі ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев екенін бірден таныдым. Әңгіме арасында "допингпен қалай ұсталып қалдың" деп сұрадым. Ол бірінші допингпен ұсталған уақыты еді. "Брат ол жәй саясат қой" деді.

Анау-мынауды айтып отырып, "сен қай командадасың" деп сұрадым. "Не ол" деді. "Нидің командасындасың ба, әлде Ильяның ба" деп сұрадым. Ол кезде Ильяның даңқы жер жарып 2 дүркін олимпиада чемпионы болып тұрған кезі еді. Бірақ та ауыр атлетикадан спортшылардың екіге бөлініп кеткенінен хабардар болатынмын. Қазіргідей күніге 1 сағатты фейсбукқа емес спортс.кз, вести кз, қазақша спорт сайттарына арнайтынмын. Ішіндегі жаңа мақалаларды комменттерімен қоса оқитынмын. Содан Жасұлан маған қарап "брат сен спорт журналисті емессің ба" деді. "Жоқ" десем, "ішкі кухняны қайдан білесің" деп қояды.

Ауылдарды білмеймін, қаладағы таксисттердің жартысының негізгі жұмыстары бар-ау. Бір айлық жетпеген соң бос уақытында таксаны да ұра береді.

Сабит Рысбаев

Abai.kz

0 пікір