Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4749 4 пікір 25 Қараша, 2021 сағат 13:38

Бұл кереңдік пе кердеңдік пе?

«Еститін мемлекет» сыбыр мен күбірді де естуі тиіс емес пе?! Ол неге айғайдың өзіне селт етпейді?

Негізі ресми құрылымдар алдын ала болжайтын, онда істейтін адамдар ерекше қабілетке ие, яғни көреген және көріпкел, селт еткізбей сезетін, түйсігімен-ақ түсінетін, болмас па?!

Әлде естуі тиіс мемлекеттің құлақ тесігін мақтамен бітеп, жарғағын қалың жабумен жауып тастайтындар отыр ма дауапты қызметтерде?

Бұл кереңдік пе кердеңдік пе?

Арон Атабектің қазасынан соң Махамбеттің басы кетіп еді, енші қанша бас керек деп жазған ақынның (Мерей Қарт) сөзі де керең құлаққа жетпей, кердең кеудеден өтпей айдалаға кете бере ме?!

Одан да басқа ашық жазып жатқандар бар?

Тіпті Арон Атабек сол қылмыстарға кінәлі дегеннің өзінде ол түрмеден соншалықты азып, тулақтай тозып шықпауы тиіс еді ғой.

Оңтүстік Африка Республикасының тар қапасында 30 жылға тақау отырған Нельсон Мандела аман-есен шығып, тіпті сол елдің президенті де болған жоқ па?!

Ғұмырының жартысынан көбін Қытайдың түрмелері мен лагерлерінде, үйқамақта өткізген Қажығұмар Шабданұлы да 84 жыл өмір сүрген еді ғой! Ол президент болуды мақсат еткен жоқ, оның арманы Қазақ елінде жерлену еді. Оған жете алмады.

Егер дұрыстап оқысақ, біздің заңдар түрмедегілердің денсаулығының нашарлауына мүмкіндік бермейді.

Егер олай болып жатса, заң бұзу бар, жанашырлық, адамшылық жоқ деген сөз.

Ел басшыларының кеңесшілері қайда қарайды екен?! Олар ақын-жазушыларға, айтушыларға, әлеуметтік желіге жақын емес пе, бір қолымен әлеуметтің тамырын басып отырған жоқ па?!

Болат Сыздық

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375