Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4328 0 пікір 13 Тамыз, 2012 сағат 07:57

Ауыт Мұқибек. ҚАЗАҚ АЛҒАН АЛТЫН

(Серік Сәпиевке)

Шыңға тарқан жол сілемі,

Қазақ біздің өршіл еді.

Алты алтынды алсақтағы,

Құрғыр көңіл көншімеді.

 

Алдамапты, шамасы, үміт,

Күттік талай таң атырып.

Қазақ алтын алмаса, ұят,

Қазақстан бола тұрып.

 

Бар ғой бөлек шаңырағы,

Қашанғы елге жалынады.

Далбаса боп қалар еді,

Қазақты әлем танығаны.

 

Басқаменен бақ теңессе,

Ұлтым үшін жақсы емес пе.

Қазақ алтын алды деген,

Бар мәселе ат та емес пе!

 

Серікті, елім, таңдапсың-ақ,

Көкірегіме шам жақты нақ.

Қазақ алған жалғыз алтын,

Алты алтыннан салмақтырақ.

 

Қуануда күллі атырап,

Жатыр, әне, жырлатып-ақ.

Қазақ алған жалғыз алтын,

Алты алтыннан қымбатырақ.

 

Жазмышқа да көнесің кей,

Кез болды үміт сөнетіндей.

Қазақ алған ақырғы алтын,

Бар алтынның төресіндей.

 

Ауыт Мұқибек

12.08.2012

Алматы

"Абай-ақпарат"

 

(Серік Сәпиевке)

Шыңға тарқан жол сілемі,

Қазақ біздің өршіл еді.

Алты алтынды алсақтағы,

Құрғыр көңіл көншімеді.

 

Алдамапты, шамасы, үміт,

Күттік талай таң атырып.

Қазақ алтын алмаса, ұят,

Қазақстан бола тұрып.

 

Бар ғой бөлек шаңырағы,

Қашанғы елге жалынады.

Далбаса боп қалар еді,

Қазақты әлем танығаны.

 

Басқаменен бақ теңессе,

Ұлтым үшін жақсы емес пе.

Қазақ алтын алды деген,

Бар мәселе ат та емес пе!

 

Серікті, елім, таңдапсың-ақ,

Көкірегіме шам жақты нақ.

Қазақ алған жалғыз алтын,

Алты алтыннан салмақтырақ.

 

Қуануда күллі атырап,

Жатыр, әне, жырлатып-ақ.

Қазақ алған жалғыз алтын,

Алты алтыннан қымбатырақ.

 

Жазмышқа да көнесің кей,

Кез болды үміт сөнетіндей.

Қазақ алған ақырғы алтын,

Бар алтынның төресіндей.

 

Ауыт Мұқибек

12.08.2012

Алматы

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1014
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2552
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 706
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 675