СЕРІК СӘПИЕВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ!
Жеті алтын алып жеті асқар биікке жеттік ағайын! Қазақтың ұғымында жеті саны қандай қасиетті болса, жеті алтынның да алар орны айрықша! Лондон Олимпиадасы қазаққа оңынан болды. Ондықтың күлтебесінен көрінбесекте, жиырмалықтың жоғарғы сапына іліктік. 12-ші орын. Бұлай болар деп кім ойлапты.Олимпиада шымылдығы түрілмей түріп, «қазақ жеті алтын алады» деген айдаладағы америкалық басылымның аузына Алла салған шығар... Ойымыздағыны айтсақ, дәл осы алтынға келгенде Алаштың баласы несібесіз қала деп қауіптенгенбіз. Қауіптің қара бұлты сейілді. Ұлан-ғайыр атыраптағы алаң жұрттың атойлатып, той тойлатқан себебі сәйгүлік ұлы - Серік Сәпиевтің жеңісі. Бұл жеңіс - қазақ деген ер кеуде, еркін елдің толайым табысы!

Егер, Серіктің бүгінге дейінгі спорттық ғұмырына көз жүгіртер болсақ, әйгілі боксшының ауырдың астымен, жеңілдің үстімен күн көрген кезі жоқ екен. Екі дүркін Әлем және Азия чемпионы үшін Тұманды Альбиондағы осы жолғы аламан оның Олимпиада чемпион атанудағы соңғы мүмкіндігі еді. 69 келіде сынға түскен Серік тырнақалды кездесуінде жапон Ясухиро Сузукиді 25:11 есебімен жеңді, артынша венесуэлалық Габриель Перезаны 20:9 есебімен ойсыратты, жартылай финалда ресейлік Андрей Замковойды 18:12 есебімен таза ұтты. Финал... Ақтық айқас. Серіктен әлі алаөкпе ағылшын Фредди Эванс сабақ алды. «Сабақ алды» деуіміз бекер емес, Сәпиев Эвансты бықпыр тигендей сабады. Үш раунд бойына бұғып бокстасқан ағылшын өз жанкүйерлерінің алдында Серіктің жұдырық сілтесінен сескенетінін, жерлесіміздің атақ-абыройынан қаймығатынын әр қимылынан-ақ байқатты. Үш раунд бойына ортекедей ойқастаған Серік 17:9 есебімен жеңіске жетті. Олимп биігі бағынды... Бесіктегі баладан ата сақалы омырауына түскен қарияға дейін бір-бірінен сүйінші сұрасып, бөркін аспанға атты. Жетінші алтын, жеті саны. Қазақ үшін киелі. Тағы да Лондон төрінде қазақтың әнұраны шырқалып, көк туы қалықтады. Керемет көрініс. Ұмытылмайды. Жекпе-жек аяқтала сала, Серікке тең сүреңдерге ғана табыс етілетін - Баркер Кубогі берілді. Ал, біз аталмыш кубокті иелену жағынан Кубаның өзін артқа тастап кеттік. Айта кетелік, Сәпиевтен бұрын мұндай атаққа Василий Жиров пен Бақтияр Артаев қол жеткізген болатын.
Тек Серік емес Әділбек пен балуан Ақжүректің де алтын алуы әбден мүмкін еді. Амал нешік. 81 келіде сынған түскен Әділбек Ниязымбетов ақтық сында ресейлік Егор Мехонцовқа жол берді. Үш кезеңнің жалпы көрсеткіші бойынша 15:15 есебімен тең түскен спортшыларға төрелік еткен әділқазылар бас жүлдеге ресейлік лайық деп тапты. Айтар дауымыз жоқ. Күміс қолда еді. Алайда, Әділбек қаша жұдырықтасты. Негізінен қорғаныста болды. Қазақтың ұтылып, орыстың ұтуындағы басты себеп те сол.
Осы Олимпиадада біз медальдар күткен грек-рим күресінің орнына үмітімізді, еркін күрес шеберлері ақтады. Ешкім күтпеген жерден Ақжүрек Таңатаров Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Медаль үшін таласта жерлесіміз түрік палуаны Рамахан Сахиннің жауырынын жер иіскетті.
Ал, жарты айға созылған Олимпиада туралы сөзімізге соңғы нүкте қоятын кез алда. Бастысы, уәде орындалды. «Арық айттып, семіз шықтық». Енді осы қарқынды жоғалтпай Рио де Жанейроға дайындықты бастаған жөн.
«Дала мен қала» газеті