Қытайлықтар: «Ұрыңдар қазақтарды, қырыңдар!»
Атырауда қазақ және қытай жұмысшылары арасында төбелес болыпты. Азаттық радиосының жазуына қарағанда, қазақтар, яғни, «Евразия Строй Капитал 2007» компаниясының жұмысшылары тамыздың 14-і күні кешке қарай жұмыстан шыққан кездерінде қытайлықтардың жабылып ұрғанын айыпты.
Ақыры, қытайлар: ««Ұрыңдар қазақтарды, қырыңдар!» деп қытайша айқайлап, екі қазақты сабап, оның біреуіне ара түскен қазақты және ұрып, қашып құтылған қазақтардың артынан тас атқан екен.
Төбелестен кейін қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері «Евразия Строй Капитал 2007» компаниясы жұмысты тоқтатып, қазақ жұмысшыларын Балықшы ықшам ауданына көшіру жұмыстарын бастаған.
Азаттық тілшісінің жазуынша, мұнда жұмыс істейтін қазақтардың дені - Шығыс Қазақстанға Қытайдан көшіп келген қандастарымыз екен.
Таяқ жеген қазақтың бірі компанияда ешбір құжатсыз 100-ге тарта қытайлықтардың жұмыс істейтінін әрі төбелестен кейін оларды артқа есіктен шығарып, басқа жаққа алып кеткен депті.
Ең сорақысы, қытайлық компания төбелесті қазақ жұмысшыларына жауып жатқан көрінеді.
Әмбесі, мұндағы қазақ және қытай жұмысшылары арасында жалақы теңсіздігі бар екен. Тіпті, қазақтардың зейнетақы қорына әлі күнге бір тиын аударылмапты. Әрі қазақтар жұмыстың ең ауырын демалыссыз істейміз деп жыларман халін жеткізіпті.

Бұған дейін осы компаниядағы қазақ жұмысшылары жатар орын, ішер астың сын көтермейтінін және алар айлықтың мардымсыз екенін айтып, шағынған болатын. Бірақ қазақ жұмысшыларының жан айқайын Қытай компаниясы құлағына да ілмеген еді.
Енді, міне, қазақты өз жерінде таяққа жығып жатыр.
Әрине, жергілікті билік әдеттегідей қауқарсыз. Тіпті, өз бұқарасын шеттен келген қытайлықтар сабап жатса да тырп етер емес.
Бақтықожа мырза Қытай компаниясының заңсыз әрекеттерге барып отырғанына Астананың назарын аудара алады ма, әлде істің бетін екі жақты келісім-шарттарға итеріп салып қарап отыра ма, оны уақыт көрсетеді. Анығына келсек, облыс әкімі шетел компанияларының жұмысына мемлекет аралық келісімдерден асып пәрмен ете алмайды. Алайда, ел мен жердің иесі ретінде көзжұмбайлыққа салынуға және болмайды. Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысын алты жыл басқарған Бергей Сәулебайұлын Теңізде жұмыс жасап жатқан түркиялықтар қып-қызыл төбелеспен қарсы алған болатын.
«Абай-ақпарат»
Мақаладағы деректер және сурет "Азаттық" радиосынан алынды