Тәлібтер Иран шекарашыларымен атысты
Иран мен Ауғанстан шекарасында ирандық шекарашылар мен "Талибан" радикалды қозғалысының содырлары арасында қақтығыс болды. "Tasnim" ақпарат агенттігінің жазуынша, бұған талибтердің іс жүзінде шекараның қай жерде екенін білмеуі себеп болған.
Бірнеше жыл бұрын Иранның Систан және Белуджистан провинцияларында Ауғанстан шекарасынан бірнеше жүз метр жерде контрабандашылармен күресу үшін қабырғалар тұрғызылған. Иран шаруалары Ислам республикасының территориясында қалып, осы қабырғалардан өткен. Алайда биыл тамыз айында Ауғанстанда билікті басып алған тәлібтер шаруаларды Ауғанстанның Нимроз провинциясының Канг ауданында деп ойлап, оларға оқ жаудырған.
Иран әскері жауап ретінде атыс қаруы мен D-30 гаубицасымен атқылаған. Желіде екі жақтың атыстарының видеосы пайда болды. Ауғанстандық БАҚ "Талибан" содырлары қақтығыс кезінде Иран шекарасындағы екі бақылау-өткізу бекетін басып алғанын хабарлады. Алайда ирандық БАҚ бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Атыс бірнеше сағатқа созылған. Иран шекарашылары мен "Талибан" қозғалысының келіссөздерінің нәтижесінде соғыс қимылдарын тоқтатуға мүмкіндік туды. "Талибан" қозғалысының мәліметінше, екі жақтан да ешкім өлмеген немесе жараланбаған.
Abai.kz