Табиғат Абаилдаев. Күтіп тұр әлі Риода алтын!
(Лондон олимпиадасының жүлдегері, еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаровқа)
Зынданда қалса, кешегі зарым,
Батпандай бүгін бес елі бағым.
Әлемге кеше танытып кеттің,
Алаштың әнін, қазақтың барын!
Көтерсең көтер, жер көкке нарды,
Лондонға бәрі жеңбекке барды.
Алдыңда сенің әлем үздігі,
Сахиннің өзі еңбектеп қалды!
Еңсере білдің еңістің бәрін,
Сондықтан болар, келісті бағың.
Жаратқан енді татуға жазсын,
Жемістің дәмін, жеңістің дәмін.
Тағдыр ма мынау боп алған қыршын?
Сәттер сағым ғой... тоналған тылсым...
Ақжүрек болып, аттанып сынға,
Жаужүрек болып оралған ұлсың!
Ұлының білсе ұяда парқын,
Жаманаттарға қия ма халқым?
Жеңеді Ақжүрек, себебі оны,
Күтіп тұр әлі Риода алтын!!!
Тараз қаласы
«Абай-ақпарат»
(Лондон олимпиадасының жүлдегері, еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаровқа)
Зынданда қалса, кешегі зарым,
Батпандай бүгін бес елі бағым.
Әлемге кеше танытып кеттің,
Алаштың әнін, қазақтың барын!
Көтерсең көтер, жер көкке нарды,
Лондонға бәрі жеңбекке барды.
Алдыңда сенің әлем үздігі,
Сахиннің өзі еңбектеп қалды!
Еңсере білдің еңістің бәрін,
Сондықтан болар, келісті бағың.
Жаратқан енді татуға жазсын,
Жемістің дәмін, жеңістің дәмін.
Тағдыр ма мынау боп алған қыршын?
Сәттер сағым ғой... тоналған тылсым...
Ақжүрек болып, аттанып сынға,
Жаужүрек болып оралған ұлсың!
Ұлының білсе ұяда парқын,
Жаманаттарға қия ма халқым?
Жеңеді Ақжүрек, себебі оны,
Күтіп тұр әлі Риода алтын!!!
Тараз қаласы
«Абай-ақпарат»