Қаржылық пирамидалар
Қаржылық салада түрлі алаяқтық жолдары бар. Соның бірі қаржылық пирамидалар. Елімізде қаржылық пирамидаларға сеніп, үйін де, көлігін де, тіпті емге деп жинаған соңғы қаржысын да салып жіберетін жандар жетерлік. Барлығы да қаржылық сауаттылық негіздерін білмеуден басталады.
Қазақстан қаржылық сауаттылық бойынша жоғары позицияда емес. Сондықтан нарықтағы қарапайым заттарды білмейді, өкініштісі сол білместік үлкен опық жегізіп жатыр. Қаржылық пирамидалардың ортақ белгілері бар. Олар: аз уақыт ішінде жылдам ақша табу, сенімсіз атаулар мен аты белгісіз компаниялар, көптеген жарнамалар мен тым көп бонус және пайыздық көрсеткіштер. Осының барлығы қаржылық пирамиданың белгілері.
Қаржылық пирамидадан сақтанудың бір ғана жолы бар, ол қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру. Ақпаратты түрлі сенімді көздерден тексеру.
;t=1sAbai.kz