Дүйсенбі, 14 Қазан 2024
3778 4 пікір 3 Желтоқсан, 2021 сағат 15:15

Үш мемлекет Ресейге санкция салуды ұсынды

Литва Президенті Гитанас Науседа, Польша Президенті Анджей Дуда , Украина Президенті  Владимир Зеленский Ресейге санкция салуға шақырды. Бұл мәлімдемені үш мемлекет Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарияланып отыр.

Президенттер халықаралық қауымдастықты «Ресейдің Украинаға агрессиясын тоқтатпауына байланысты санкцияларды күшейтуін» сұраған. Сонымен қатар, олар Ресейді «уақытша жаулап алынған Украина жерінен әскерін шығару арқылы деэскацияға» шақырды.

Мемлекеттер қауіпсіздік саласындағы өсіп келе жатқан қауіп-қатерге қатты алаңдаулы екенін жеткізді. Көбіне Ресей агрессиясының нәтижесінде болатын гибридті қауіпке қарсы тиімді келісімге келді.

Олар Еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға дайын екенін айтып, осыған байланысты Еуропалық өңірдің қауіпсіздігіне қатер төндіріп тұрған "Солтүстік ағын-2" жобасына алаңдаулы екенін мәлімдеген. Олар энергетиканы геосаяси құрал ретінде пайдаланатын, еуропалық газ нарығын монополияландырғысы келетін Ресейге қарсы  бірлесіп әрекет етуге дайын екенін білдірді.

Abai.kz

4 пікір