Әзербайжанның қауіпсіздік қызметі бұған орыс қорғаныс министрлігінің араағайындығымен қол жеткізгенін мәлімдеді. 16 қарашада азери-армян шекарасында былтырғы қарулы қақтығыстан бері ірі жанжал тұтанған. Бакудың жеті жауынгері қаза тапқанын, Ереван алты жауынгерін жоғалтқанын, 30 шақтысы тұтқындалған болуы мүмкін екенін білдірген.
Осыған дейін да Әзербайжан армян әскерлерін картаға айырбастаған. Ресми мәліметке қарағанда, былтыр Таулы Қарабақтағы қайтарылған аймақтарда 20-дан астам әскер және бейбіт тұрғын минаны басып кетіп, қаза тапқан.
Былтыр 44 күнге созылған соғыста алты жарым мың адам қаза болған. Жанжал Мәскеудің араағайындығымен және екі тарап өзара келісімге келгеннен кейін тоқтаған. Құжатқа сәйкес, Әзербайжан Таулы Қарабақ аймағының бір бөлігін қайтарып алды. Ресейдің бейбіт күштері анклавта және екі елді байланыстыратын Лачин дәлізінде орналастырылды.
Халықаралық қауымдастық Таулы Қарабақты Әзербайжанның аймағы ретінде танығанымен, ол жерді 1990 жылдардан бері жікшіл армяндар басқарып келген.
Abai.kz