Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4018 1 пікір 6 Желтоқсан, 2021 сағат 15:54

Назарбаев Тоқаев туралы не деді?

Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік сабақтары» атты мақаласында Президент Тоқаев туралы айтып, «екі жыл бұрын Қазақстанда жоғары лауазым иесі ауысқанын» есіне алды.

«Маған : «Конституцияға сәйкес, сіздің президенттігіңізге шектеу қойылмаған. Соңғы сайлауда сайлаушылардың 98 пайызы сізге дауыс берді. Осы қызметініңде қалып, жұмыс істеуді жалғастыра беріңіз», дегендер көп болды. «Бірақ бәрінің өз уақыты мен кезегі бар», - дейді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты патриот және пікірлес адам деп атаған.

«Үш онжылдық ішінде мен көптеген серіктестерімді кездестірдім, көптеген лайықты кадрлар шығардым, көптеген оқушыларды тәрбиеледім. Олардың ішінен мен сыртқы істер министрі, Үкімет басшысы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары қызметінде болған кезде аса құнды тәжірибе жинақтаған, шынайы патриот, кәсіби шебер, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап менің әріптесім болған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Президент лауазымына ұсындым. Сайлауда біздің отандастарымыздың басым көпшілігі оны қолдады. Осылайша, біз тағы да бүкіл әлемге халықтың бірлігі мен біздің саясатымыздың сабақтастығын көрсеттік», - деді экс-президент.

Сонымен қатар, ол, «Мәңгілік Ел» идеясын талқылады.

«Президенттер алмасар, бірақ біздің тәуелсіздігіміз – мәңгілік ажырамас бөлігіміз болып қалуы тиіс. Бұл үшін әрбір қазақстандық оның негіздерін нығайтуға, күшін арттыруға, өзінің жақсы атын сақтауға тырысуы керек. «Мәңгілік Ел» идеясының мәні де осында. Ең бастысы-еліміз аман, біздің балаларымыз «Бостандық атты күннің» шуағында өсіп келеді. Махаббат пен мейірімге қанып өскен осы балаларымыз «Туған жерім Қазақстанға не бере аламын?» - деп ойлануы керек екенін айтты Елбасы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364