АҚШ Бейжің олимпиадасына бойкот жариялады
АҚШ билігінің өкілдері Қытайда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатыспайтынын Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеді.
"ҚХР-ның Шыңжаңның батысындағы мұсылман этникалық топтарына қарсы геноцидін және басқа да адам құқықтарының бұзылуын ескеріп, Байден әкімшілігі Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дипломатиялық немесе ресми делегация жібермейді", - деді Ақ үйдің өкілі.
Ол дипломатиялық бойкот америкалық спортшылардың Олимпиадаға қатысуына әсер етпейтінін атап өтті.Вашингтондағы Қытай елшілігі АҚШ-тың Бейжіңдегі Олимпиадаға бойкот жариялау шешімін саяси манипуляция және Олимпиада рухын бұрмалау деп атады.
Abai.kz