Жұма, 9 Қазан 2026
3945 6 пікір 7 Желтоқсан, 2021 сағат 15:16

Ресейдің Тәжікстандағы базаға 30 танк жіберді

Ресейдің Тәжікстандағы 201 әскери базасына Т-72Б3М үлгісіндегі 30 танк жеткізілді. Бұл туралы ТАСС агенттігі Ресейдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ресейдің қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда, модернизацияланған Т-72Б3М танктері жаңа қозғалтқыштар, пассивті және активті қорғаныс комплекстері, сонымен бірге "Акведук" байланыс жүйесі мен көп каналды "Сосна-У" нысанасымен жабдықталған.

Биыл тамызда Ауғанстандағы жағдайға байланысты Тәжікстандағы Ресейдің әскери базасына зымыранға қарсы "Корнет" деп аталған жаңа кешендер жеткізілген.

Осыған дейін Ресейдің Орталық әскери округы Тәжікстандағы базаға "Верба" көшпелі зениттік-зымыран кешендер, "Калашников" АК-12 автоматтары мен заманауи снайперлік мылтықтар жіберілгенін хабарлаған.

Тәжікстан аймағында Ресейдің сырттағы ең ірі әскери базасы орналасқан. Онда 7,5 мыңға жуық әскери қызметкер бар. Бұл екі елдің келісімі бойынша 2042 жылға дейін жұмыс істейді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 907
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1209