Сенбі, 23 Қараша 2024
2854 2 пікір 7 Желтоқсан, 2021 сағат 15:18

Мьянма оппозициясының жетекшісі төрт жылға сотталды

Мьянмадағы сот елдің бұрынғы мемлекеттік кеңесшісі, Нобель сыйлығының иегері Аун Сан Су Чжиді төрт жылға түрмеге қамау туралы үкім шығарды.

Сот Су Чжиді арандатушылық жасады, коронавирус пандемиясы кезінде тазалық талаптарын сақтамады деп тапты.

Бұрынғы кеңесшіге тағы бірнеше айып тағылған. Сот ол айыптар бойынша Аун Сан Су Чжиге 100 жылдан астам түрме жазасын белгілеуі мүмкін.

Аун Сан Су Чжи 76 жаста. 2016 жылы ол мемлекеттік кеңесші қызметіне тағайындалып, Мьянма үкіметін басқаратын билікке ие болды.

1 ақпанда әскерилер Аун Сан Су Чжи үкіметін биліктен тайдырды. Елде хунта билігіне қарсы наразылық күшейді. Халық көтерілістерін басу кезінде мыңнан астам адам қаза тапты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391