Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3657 2 пікір 10 Желтоқсан, 2021 сағат 11:45

Бойкот жаппай сипат ала ма?

Алдағы қыста (4-20 ақпан) Бейжінде қысқы Олимпиада өткелі отырғаны белгілі. Осы Олимпиадаға АҚШ үкіметі дипломатиялық бойкот жариялап, оны Конгрессі қолдады.

Дипломатиялық бойкот деген не? Бұл сол Олимпиадаға бойкот жариялаған елдердің ресми өкілдері, делегациясы бармайды деген сөз. Мысалы Бейжіндегі Олимпиадаға АҚШ-тан арнайы делегация, жаттықтырушылар штабы, спорт функционерлері, басқа да ресми өкілдер бармайды. Ал жекелеген спортшылардың өз қаражаттарына баруына қарсылық жоқ, өйткені олар төрт жыл бойы дайындалды, сондықтан еңбектері еш кетпегендері дұрыс. Яғни адам құқы сақталады.

Бұған Қытай басшылығы ерін бауырына алып тулап-ақ жатыр. Олар, әрине, АҚШ-тың осылай жасарын әуел бастан-ақ сезген, ендігі олардың қорқатыны - осы бойкот жаппай сыйпат алып кете ме деп қорқады. Авторитарлы режимдердің ең бір елеулі, халықты жаппай өз идеологиясының дұрыстығына сендіретін көрнекті шараларының бірі - осы Олимпиада ойындары. Енді сол шарасы жүзеге аспай қалса, ол сол ел басшылығы дұрыс жолмен келе жатыр ма, жоқ па деген жалпы халық арасында сұрақ туғызатыны анық. Міне, олар содан қорқады.

Бүгін мәлім болғанындай, Уашиңтоннан кейін бойкотты Аустралия, Канада, Ұлыбритания қолдап, олар да дипломатиялық бойкот жариялағаны белгілі болды. Кезек Еуроодақ елдерінде. Олар да жақын күндері бойкотқа қосылуы мүмкін. Осы бойкотты жариялатуда менің де еңбегім зор деп жүр Серікжан Біләш. Ол енді басқа тақырып. Бастысы - бойкоттың жарияланғаны.

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392